User manual
Кастрюльдер, шыны аяқтар мен
табақтарды салуға ыңғайлы болу үшін,
төменгі кәрзеңкедегі ілгек қатарларын
төмендетуге болады.
Ас құралдарына арналған қорапша
Тігінен орналастырылған ұзын жүзді
пышақтар - қауіп-қатердің бірден бір
көзі. Ұзын және/не болмаса, ет
бұзатын не турайтын өткір пышақтар
тәрізді заттар, үстіңгі себетте
көлденеңінен орналастырылуы
қажет. Пышақ тәрізді өткір заттарды
салу немесе шығару кезінде абай
болғаныңыз жөн.
Шанышқылар мен қасықтарды
алынбалы-салынбалы ас құралдары
себетіне саптарын төмен қаратып, ал
пышақтардың саптарын жоғары қаратып
салу керек.
Егер саптар себеттің түбінен шығып
қалып, төменгі бүріккішке кедергі жасап
тұрса, ас құралдарының саптарын
жоғары қарата салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмау
үшін оларды басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Ас құралдарына арналған себетке ас
құралдарын оңай салу үшін ас
құралдары себетінің тұтқасын
төмендетіңіз.
Жақсы нәтижелерге жету үшін ас
құралдарына арналған торды
пайдаланыңыз.
Егер ас құралдарының өлшемі бұл торды
қолдануға мүмкіндік бермесе, оны
оңайлықпен жасырып қоюыңызға
болады.
electrolux 11










