User manual

Электрондық тәсілмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның әдепкі
деңгейі - 5.
1. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
Машина параметрлерді орнату
күйінде тұруға тиіс.
2. B және C функция түймешіктерін
қатар басып ұстап тұрыңыз. A, B
және C функция түймешіктерінің
үстіндегі анықтағыш шамдар
жыпылықтай бастайды.
3. A функция түймешігін басыңыз, B
және C функция түймешіктерінің
үстіндегі шамдар өшеді. A функция
түймешігінің үстіндегі анықтағыш
шам жыпылықтауын жалғастырады.
Сандық бейнебетте ағымдық деңгей
пайда болады.
Мысалдар:
Сандық бейнебетте
= 5-ші деңгей
пайда болады
Сандық бейнебетте
= 10-шы
деңгей пайда болады
4. Деңгейді өзгерту үшін A функция
түймешігін басыңыз. Түймешікті әр
басқан сайын деңгей де өзгеріп
отырады. (Жаңа деңгейді таңдау үшін
кестеге қараңыз).
Мысалдар:
Ағымдық деңгей 5-те тұрса, A
функция түймешігін бір рет басу
арқылы 6-шы деңгей орнатылады.
Ағымдық деңгей 10-да тұрса, A
функция түймешігін бір рет басу
арқылы 1-ші деңгей таңдалады.
5. Операцияны ыдыс жуғыш
машинаның жадына енгізу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Назарыңызда болсын!
Ыдыс-аяқ жуғыш үшін өндірілген тұзды
ғана пайдаланыңыз. Ыдыс-аяқ жуғыш
машинада пайдалануға арналмаған
басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су
жұмсартқышқа зиян келтіруі мүмкін. Тұз
қорапшасын тұзбен толық жуу
бағдарламаларының бірін қосар
алдында ғана толтырыңыз. Бұл тұз
түйірлерінің немесе тұзды судың
машина түбіне төгіліп қалып, төгілген
жерінде ұзақ уақыт жатып қалып
коррозияны тудырудың алдын алу үшін
қажет.
Толтыру үшін:
1. Есікті ашыңыз, төменгі кәрзеңкені
алып тастап, тұз қорапшасының
қақпақшасын сағат бағытына қарсы
айналдырып ашыңыз.
2. Қорапшаның ішіне 1 литр су құйыңыз
(қорапшаны ең алғаш рет тұзбен
толтырғанда ғана осылай істеңіз) .
3. Берілген құйғышты пайдалана
отырып, қорапшаны тұзбен әбден
толтырыңыз.
4. Қақпақшаны орнына салып,
қақпақшаның бұранда жолақтарында
немесе нығыздағышында тұздың
тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
5. Қақпақшаны сағат тілінің бағытына
қарай "сырт" етіп тоқтағанға дейін
бұрай отырып, өз орнына келтіріп
нықтап жабыңыз.
8 electrolux