User manual

Егер кір су түтігін ұзартқышты
пайдаланып отырсаңыз, оның ішкі
диаметрі құрылғымен бірге жеткізілген
түтіктің диаметрінен кіші болмауға тиіс.
Машинаны кір су құбырына қосу үшін
пайдаланылған муфталардың ішкі
диаметрі де, құрылғымен қатар
жеткізілген түтік диаметрінен кем
болмауға тиіс.
Кір суды ағызатын түтікті раковинаның
астындағы түтікке қосар кезде, оның
сыртындағы пластмасса қабықты
тұтастай(A) алып тастау қажет. Бұл
пластмасса қабықты алып
тастамасаңыз, тамақ қалдықтары
біртіндеп суды канализацияға жіберетін
түтікті қосатын түтікшені толтырып қоюы
мүмкін.
Біздің құрылғыларымыз кір судың
машинаға құйылып кетуіне жол
бермейтін қауіпсіздік құралымен
жабдықталған. Раковинаңыздың
түтігі "қайтармайтын клапанмен"
жабдықталса, онда бұл кір судың
машинадан дұрыс ақпауына әкеліп
соғуы мүмкін. Сондықтан да біз бұл
клапанды алып тастауға кеңес
береміз.
Орнатқаннан кейін су ағып кетпес
үшін су қосылымдарының берік
екендігіне көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
стандарттарының талабына сәйкес
машина жерге қосылған болуы
керек.
Бұйымды бірінші рет пайдаланар
алдында, жергілікті электр қуаты
көзінің кернеуі және оның берілу түрі
техникалық талаптар
тақтайшасында көрсетілген
талаптарға сай келетіндігіне көз
жеткізіңіз. Сонымен қатар,
сақтандырғыштың техникалық
сипаттамасын да техникалық
талаптар тақтайшасынан табуға
болады
Электр қосқышын әрқашан
тұйықталудан сақтандырылған,
дұрыс орнатылған розеткаға
қосыңыз.
Бірнеше құрылғыларды тоқ көзінен
қоректендіретін қосқыштарды,
біріктіргіштерді және ұзартқыш
кабельдерді пайдалануға
болмайды. Олар қызып кетіп, өрт
шығу қаупін тудыруы мүмкін.
Егер қажет болса, үйіңіздегі электр
желісіндегі розетканы ауыстырып
алыңыз. Егер электр кабелін
ауыстыру қажет болса, жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Бұйымды орнатып болғаннан кейін,
бұймды тоқ көзіне қосқыш қол жетер
жерде болуы керек.
Қосқышты электр желісінен ажырату
үшін, ешқашан оның сымынан
тартпаңыз. Әрдайым қосқышты
қолмен тартып шығарыңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық
шаралары жүзеге
асырылмағандықтан орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
болмайды.
electrolux 27