User manual

құбырларындағы орташа қысым туралы
мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз
ететін мекемеден аласыз.
Су беретін шлангты қосып жатқанда ол
майысып, жаншылып, не шиеленісіп
қалмаған болуы керек.
Ыдыс жуғыш машинаның
функциялары,контргайканың көмегі
арқылы солға не оңға қарай бұрыла
алатындай етіп орнатылған түтіктерді
сумен толтырып және жуынды судан
босатып беріп отырады. Су ағып кетпес
үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс.
Назар аударыңыз! Ыдыс
жуғыштардың барлық үлгілері
бірдей контргайкамен жабдықталған
су беру және жуындыны жіберу
түтіктерімен ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТІЛМЕГЕН. Аталмыш жуғышта бұл
құрылғы қарастырылмаған.
Егер бұл құрылғы жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт пайдалануда
болмаған құбырларға қосылмақ болса,
су қабылдайтын түтікті қоспас бұрын,
суды бірнеше минут ағызып қойыңыз.
Ескі машиналарда қолданылған
түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл құрылғы аталмыш машинада
қолданылған судың таза ауыз су
жүйесіне қайта барып қосылуынан
сақтандыратын қауіпсіздік
құралымен жабдықталған. Бұл
құрылғы қолданыстағы
сантехникалық ережелерге сай
келеді.
Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын
түтік
Қос қабатты су қабылдайтын түтікті
қосып болғаннан соң, қорғауыш клапан
шүмектен кейін орналасады. Сол себепті
су беретін түтік су ағып тұрған сәтте ғана
қысымды болады. Суды қабылдайтын
түтіктен су кетсе, қорғауыш клапан су
беруді тоқтатады.
Су қабылдайтын түтікті орнатқан кезде,
келесі кеңестерге назар аударыңыз:
Қорғауыш клапанға келетін электр
тоғының сымы қос қабатты түтіктің
ішіне енгізілген. Су қабылдайтын
түтікті немесе қорғауыш клапанды суға
батырмаңыз.
Егер су қабылдайтын түтік немесе
қауіпсіздік клапаны бұзылса,
машинаны электр желісінен ажыратып
қойыңыз.
Қорғауыш клапаны бар су
қабылдайтын түтікті МІНДЕТТІ ТҮРДЕ
жергілікті қызмет көрсету
орталығының қызметкері ауыстырып
беруге тиіс.
Назарыңызда болсын! Қатерлі
кернеу
Кір су жүйесіне қосу
Кір суды ағызатын түтікті келесі жолмен
жалғауға болады:
1. Оны раковинаның түтікшесінің
сыртқы жағына бекіте орналастыру
керек. Бұл раковинадан ағып жатқан
жуынды судың машинаға құйылып
кетуінен сақтайды.
2. Вентиляциялық тесігі бар құбырға сай
келу үшін, ішкі диаметрі ең кем
дегенде 4 см болуы керек.
max 85 cm
min 40 cm
max 400 cm
Жуынды суды төгетін түтікше ыдыс
жуғыш машинаның не сол жағына, не оң
жағына қарап тұруы керек
Түтіктің майысып, не болмаса
жаншылып қалмағандығына көз
жеткізіңіз, себебі бұл жуынды судың баяу
ағуына әкеліп соғады.
Раковина тесігін машина суын төгіп
жатқанда тығындамау керек, себебі ағып
жатқан кір су машинаға кері құйылып
кетуі мүмкін.
26 electrolux