User manual

Машинаның үстіңгі жұмыс тақтасын
алып тастап, оны раковинаның астына
не алдын ала орнатылған жұмыс
үстелінің астына, өлшемдері суретте
көрсетілгендей қуысқа орналастырыңыз.
Келесі әрекеттерді орындаңыз:
Машинаның жұмыс тақтасын екі артқы
бұранданы(1)бұрап алу арқылы
босатыңыз да, жұмыс тақтасын
машинаның арт жағынан(2) тартып
шығарып, көтеріп тұрған қалпы
алдыңғы саңылаулардан сырғытып
шығарыңыз(3).
Машинаның биіктігін өзгертпелі аяқтар
арқылы лайықтап алған соң, оны қуысқа
туралап кіргізіңіз. Машинаны орнатқан
кезде су құятын және жуындыны
ағызатын түтікшелердің шиеленісіп
немесе басылып қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас
бөлшектеріне қатысты жұмыстар
жүргізілгенде, оны міндетті түрде электр
желісінен ажыратыңыз.
Машинаны орнатқаннан кейін, жөндеу
қажет болған жағдайда жөндеу
қызметкері оған оңайлықпен қол
жеткізетіндей болуын тексеріңіз.
Ыдыс-аяқ жуатын машина келешекте
жеке тұрса, оның жұмыс тақтасы
қайтадан өз орнына қондырылуы керек.
Жеке тұрған машинаның қабырғасының
төменгі жағы реттеуге келмейді.
Тіктеп орнату
Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны
дұрыс тіктеп орнатудың маңызы зор.
Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның
есігі ашылғанда, шкафтың екі жағы
тұтылып қала бермейді.
Егер есік дұрыстап жабылмаса,
өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны
жөндеп тіктеп қойыңыз.
Суға қосу
Сұ құбырына қосылу
Бұл құрылғыны не ыстық не (макс.
60°С)суық су желісіне қосуға болады.
Ыстық суға қосқан кезде тұтынылатын
қуаттың көлемі әжептәуір азаяды. Бұл
дегенмен, ыстық судың қалай
алынатындығына байланысты. (Біз
қоршаған ортаға неғұрлым зиянсыз
қуаттың басқа да альтернативті түрлерін
мысалы, күн қуатын, фотоэлектрлі
панель мен жел қуатын пайдалануды
ұсынамыз).
Бұл тығырық су құбырына қосылымды
жүзеге асыру үшін, машинаның су
беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾
бұралып түтікке түйістіруге немесе
жедел жалғастыратын шүмекке қосуға
арналған.
Су қысымы "Техникалық деректер"
бөлімінде берілген шектер шегінен
аспауға тиіс. Аймағыңыздағы су
electrolux 25