User manual
Қателер коды және дұрыс жұмыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары
•
сандық бейнебетте
пайда болады
Су тасқынына қарсы құрал белсенді күйде тұр
• Су құбырының шүмегін жауып, жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Дұрыс жұмыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Бағдарлама басталмай тұр • Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі дұрыс
жабылмаған.
Есікті жабыңыз.
• Негізгі қосқыш электр қуаты көзіне
қосылмаған.
Негізгі қосқышты электр желісінің көзіне
қосыңыз
• Үйдегі сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыш күйіп кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
• "Бастауды кідірту" орнатылған.
Егер ыдыс-аяқтарды дереу жуу қажет
болса, "бастауды кідірту" функциясын
ажыратып қойыңыз.
Аталып өткен тексерулер аяқталғаннан
соң, бұйымды қосыңыз.
Бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі
қарай жалғасады.
Егер дұрыс істемеу, не ақаулық коды
қайта көрсетілсе, жергілікті қызмет
көрсету орталығыңызбен
хабарласыңыз.
Жоғарыда сипатталмаған қателер коды
көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету
орталығыңызбен хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығымен
хабарласқан кезде, машинаның үлгісін
(Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) және
сериялық нөмірін (S.N.) оларға мәлім
етіңіз.
Бұл ақпаратты ыдыс-аяқ жуғыштың
қабырғасында орналасқан техникалық
ақпарат тақтайшасынан табуға болады.
Осы нөмірлер әрдайым алдыңызда
болуы үшін, оларды мына жерге жазып
қоюға кеңес береміз:
Mod. (үлгі) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
PNC (өнім
нөмірі): . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
S.N. (сериялық
нөмір) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес
Ыдыстар таза емес • Сай келерлік бағдарламадан басқа бағдарлама таңдалған.
• Ыдыс-аяқтар су олардың барлық жерлеріне біркелкі тимейтіндей
орналастырылған. Кәрзеңкелерге белгіленген мөлшерден артық
ыдыс-аяқ салуға болмайды.
• Ыдыс-аяқтар дұрыс салынбағандықтан, бүріккіштер еркін айнала
алмай тұр.
• Жуу бөлімінің төменгі жағындағы сүзгіштер кірленіп қалған немесе
дұрыс орнатылмаған.
• Жуу заты өте аз мөлшерде немесе мүлдем қолданылмаған.
• Ыдыс-аяқтарға қақ тұрып қалса; тұз қорапшасы бос немесе суды
жұмсартқыштың деңгейі дұрыс орнатылмаған.
• Суды канализацияға жіберетін шланг дұрыс қосылған жоқ.
• Тұзға арналған қорапшаның қақпақшасы жөндеп жабылған жоқ.
Ыдыс-аяқтар сулы
және олардың түсі
ашылмаған
• Шаю заты қолданылмаған.
• Шаю заттарына арналған қорапша бос.
22 electrolux










