User manual

Күту менен тазалау
Сүзгіштерді тазалау
Сүзгілерді ара-тұра тексеріп және
тазалап отыру керек. Кірленген сүзгілер
жуу нәтижесін нашарлатады.
Назарыңызда болсын! Сүзгілерді
тазалауға кіріспес бұрын,
машинаның ажыратылып
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
1. Есікті ашып, төменгі кәрзеңкені
шығарып алыңыз.
2. Ыдыс-аяқ жуғыштың сүзу жүйесі ірі
көз сүзгіден ( A ), микро-сүзгіден( B )
және тегіс сүзгіден тұрады. Сүзгі
жүйесін микро-сүзгінің үстінде
орналасқан тұтқаның көмегімен
ашыңыз.
3. Тұтқаны сағат бағытына қарсы 1/4
бұрыңыз және сүзгілер жүйесін
шығарып алыңыз.
4. Ірі көз сүзгіні( A ) тесігі бар
ұстағыштан ұстап, микро-сүзгіден
( B ) шығарып алыңыз.
5. Барлық сүзгілерді ағып жатқан суға
ұстап тұрып мұқият тазалаңыз.
6. Тегіс сүзгіні жуу бөлімінің түп жағынан
шығарып алып, екі жағын да
жақсылап жуыңыз.
7. Тегіс сүзгішті қайтадан жуу бөлімінің
түбіндегі орнына орналастырыңыз
және оның өз орнына дұрыс
орналасқанына көз жеткізіңіз.
8. Ірі көз сүзгіні( A ) микро-сүзгінің ( B )
ішіне салып, екеуін бірге басыңыз.
9. Құрама сүзгіштерді әдепкі орнына
орналастырып, ұстағышын сағат
бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз.
Осы үрдіс барысында тегіс сүзгінің
жуу бөлімінің үстінен салбырап
қалмасына көз жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерсіз
ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Егер
сүзгілерді дұрыс орнатпасаңыз, жуу
нәтижелері қанағаттанғысыз болып,
нәтижесінде машинаға нұқсан келуі
мүмкін.
Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып
тастауға әрекет жасамаңыз.
Егер бүріккіштердің тесіктері бітеліп
қалса, жіңішке шырпымен
тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару
панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал
жуғыш затты пайдаланыңыз. Сырты
тегіс емес сызаттандыратын заттарды,
түрпілі тазалағыштарды немесе
еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен,
т.с.с.) пайдаланбаңыз.
20 electrolux