User manual

Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
немесе кері санақты болдырмау
Болдырмау түймешігін барлық
бағдарлама шамдары жанғанша қатар
басып ұстап тұрыңыз.
Кідіртіп бастау параметрін біржола
тоқтатсаңыз жуу бағдарламасы мен
параметрлер де(Multitab параметрінен
басқасы)біржола тоқтайды. Жуу
бағдарламасын қайта таңдаңыз.
Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау
қажет болса, жуғыш зат сауытында
жуғыш заттың бар-жоғын тексеріңіз.
Жуу бағдарламасының соңы
Ыдыс жуғыш машина автоматты түрде
тоқтайды.
Жаңа ғана аяқталған бағдарламаның
шамы жанған қалпы тұрады.
Сандық бейнебетте нөл пайда
болады.
1. Ыдыс жуғыш машинаны өшіріңіз.
2. Машинаның есігін ашыңыз да, ыдыс-
аяқтарды шығармас бұрын есікті
жартылай ашқан күйде бірнеше
минут күтіңіз. Осылайша ыдыс-
аяқтар суыңқырап, құрғату нәтижесі
де жақсара түседі.
Қуатты үнемдеу функциясы
орнатылса, бағдарлама аяқталған
соң ыдыстардың суы кеппей тұруы
мүмкін. Ыдыстар өздігінен кебу үшін
құрылғы есігін ашыңқырап қоюды
ұсынамыз.
Күте тұру режимі
Жуу бағдарламасы аяқталған соң
құрылғыны өшірмесеңіз, машина
автоматты түрде күте тұру режиміне
көшеді. Күте тұру режимі қуат шығынын
азайтады.
Бағдарлама аяқталған соң үш минут
өткен кезде барлық анықтағыш шамдар
өшеді де, сандық бейнебетте бір
көлденең сызық пайда болады.
Бағдарламаның соңы режиміне қайта
өту үшін түймешіктердің бірін (on/off
түймешігі емес) басыңыз.
Ыдыс жуу машинасын босату
Қызып тұрған ыдыс-аяқ, елеусіз
салмақтың әсерінен де сынып кетуі
мүмкін. Сондықтан, ыдыс-аяқты
жуғыштан шығармас бұрын, суытып
алу керек.
Ең алдымен, төменгі кәрзеңкені, сонан
соң жоғарғы кәрзеңкені босатыңыз;
сонда төмендегі ыдыс-аяққа жоғарғы
кәрзеңкеден су тамып кетпейді.
Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға
қарағанда біртіндеп суып
басылатындықтан, ыдыс-аяқ жуғыш
машинаның қабырғаларында және
есігінде су пайда болуы мүмкін.
Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
соң, ыдыс-аяқ жуғышты электр қуаты
көзінен ажыратып тастап, су
құбырының шүмегін жауып қоюға
қенес береміз.
Жуу программалар
Жуу бағдарламалары
Бағдарлама Кірдің
ауқымы
Ыдысты
салу түрі
Бағдарлама
сипаттамасы
Қуатты үнемдеу
функциясы
1)
Auto
2)
Кез келген Ыдыс-
аяқтар, ас
құралдары,
кәстрөлдер
мен табалар
Алдын ала шаю
45°C не 70°C дейінгі
негізгі жуу
1 не 2 рет аралық шаю
Соңғы шаю
Кептіру
Жуу
бағдарламасына
өз ықпалын
тигізеді.
18 electrolux