User manual
Егер қайта жеке-жеке жуғыш
заттарды қолданатын жүйеге
көшкіңіз келсе, біздің берер
кеңесіміз:
1. Multitab функциясын ажыратып
қойыңыз.
2. Тұз бен шайғыш зат сауыттарын
қайтадан толтырыңыз.
3. Су кермектігінің ең жоғарғы
деңгейін орнатып, қалыпты жууға
арналған 1 бағдарламаны ыдыс-
аяқсыз орындаңыз.
4. Су кермектігінің параметрін
аймағыңыздағы су кермектігіне
сай орнатыңыз.
5. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
белгілеңіз.
Жуу программасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасы мен кідіртіп
бастау функциясын құрылғының
есігі сәл ашылыңқырап тұрғанда
таңдаңыз. Бағдарлама немесе
"кідіртіп бастау" функциясының кері
санағы, есік жабылғаннан кейін ғана
басталады. Бұған дейін орнатылған
параметрлерді өзгертіп үлгеруге
болады
1. Себеттердің дұрыс
толтырылғандығын тексеріп, бүріккіш
түтіктердің еркін айналуына
ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін
тексеріңіз.
2. Су құбырының шүмегінің ашық
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
3. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін
басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруға
тиіс.
4. Жуу бағдарламасын таңдаңыз('Жуу
бағдарламалары' кестесіне қараңыз).
Бағдарлама таңдалған соң соған сай
келетін шам жанады.
Есікті жабыңыз, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Бағдарламаға "кешіктіріп бастау"
функциясын қосып орнату және бастау
1. Жуу бағдарламасын таңдағаннан
кейін, "кешіктіріп бастау" түймешігін
сандық бейнебетте бағдарламаны
кешеуілдету уақытының сандық мәні
жыпылықтай бастағанша басып
тұрыңыз.
2. Ыдыс жуғыш машинаның есігін
жабыңыз, кері санақ автоматты түрде
басталады. Сандық бейнебеттегі
уақыт мәні жанып-сөнуін тоқтатып,
енді тұрақты көрсетіліп тұрады.
3. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп
отырады.
4. Есікті ашу кері санақты кідіртеді.
Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған
жерінен әрі қарай жалғасады.
5. Кері санақ аяқталған соң бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасы мен кешіктіріп
бастау функциясын, құрылғының
есігі жабық тұрғанда да таңдауға
болады.
Бағдарлама түймешігін басқаннан
кейін басқа бағдарламаны не
кешіктіріп бастау функциясын
таңдауға ТЕК 3 секунд ғана
уақытыңыз бар.
3 секундтан кейін таңдалған
бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Назарыңызда болсын! Орындалып
тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса
қажетті жағдайда ғана тоқтатыңыз
не болдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Есік ашылған
кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін.
Есікті абайлап ашыңыз.
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын
тоқтату
• Машинаның есігін ашыңыз;
бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз;
бағдарлама тоқтаған жерінен әрі
қарай жалғаса түседі.
• On/Off түймешігін басыңыз, барлық
анықтағыш шамдар өшеді. On/Off
түймешігін қайтадан басыңыз;
бағдарлама тоқтаған жерінен әрі
қарай жалғаса түседі.
electrolux 17










