User manual

Multitab функциясы
Бұл бұйым "Multitab құрама жуу
таблеткаларын" қолдануға мүмкіндік
беретін "Multitab функциясымен"
жабдықталған.
Бұл өнімдер - жуу, шаю және тұзбен
жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын
бір өзінде қамтыған жуу заттары. Қандай
затты таңдағаныңызға байланысты ("3
қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие 1 зат",
"5 қасиетке ие 1 зат", т.б.), сол таблетка
пішіндес жуу затының құрамында басқа
қасиетке ие заттардың да бар болуы
мүмкін.
Бұл өнімдердің өзіңіз пайдаланып
отырған судың қатаңдығына сай келер-
келмесін тексеріңіз. Өндірушінің
нұсқауларын оқыңыз.
Бұл функция бірден таңдалып қойғаннан
кейін, келесі жуу бағдарламаларының
барлығы үшін де белсенді болып тұра
береді.
Бұл функция таңдалған болса, шаю заты
мен тұздың сәйкес қорапшалардан
қосылуы автоматты түрде тоқтатылады,
сонымен қатар шаю заты мен тұздың
шамдары да өшеді.
"Multitab функциясы" қолданылғанда,
цикл ұзақтығы да өзгеруі мүмкін. Бұл
жағдайда, сандық дисплейден
бағдарламаның өту уақыты автоматты
түрде жаңартылып көрсетіледі.
Жуу бағдарламасы басталмас
бұрын, "Multitab функциясын"
белсенді күйге көшіріңіз/өшіріңіз.
Бағдарлама басталып кеткеннен
соң, "Multitab функциясын" өзгертуге
БОЛМАЙДЫ . "Multitab функциясын"
ажыратып қойғыңыз келсе,
бағдарлама параметрін тоқтатып,
содан кейін "Multitab функциясын"
өшіріңіз. Бұндай кездерде, жуу
бағдарламасын (және қалаған
параметрлерді) қайтадан
орнатуыңыз қажет.
"Multitab" функциясын қосу/ажырату
"Multitab" функциясын қосу үшін
"Multitab" түймешігін басыңыз. Соған сай
келетін анықтағыш шам жанады.
Функцияны ажырату үшін "Multitab"
түймешігін қайта басыңыз. Соған сай
келетін шам өшеді.
Егер құрғату нәтижелері ойдағыдай
болмаса, біздің берер кеңесіміз:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне
шайғыш заттан салыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін
белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
2-ші орынға қойыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін тек
"Multitab" функциясы қосылулы
тұрған кезде ғана белсенді күйге
көшіруге/ажыратуға болады.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажырату
1. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
Машина параметрлерді орнату
күйінде тұруға тиіс.
2. B және C функция түймешіктерін
қатар басып ұстап тұрыңыз. A, B
және C функция түймешіктерінің
үстіндегі анықтағыш шамдар
жыпылықтай бастайды
3. В функция түймешігін басыңыз, А
және C функция түймешіктерінің
үстіндегі шамдар өшеді. В функция
түймешігінің үстіндегі анықтағыш
шам жыпылықтауын жалғастырады.
Сандық бейнебетте ағымдық
параметр пайда болады.
Шайғыш зат үлестіргіші
ажыратылған
Шайғыш зат үлестіргіші
қосылған
4. Параметрді өзгерту үшін В түймешігін
қайта басыңыз. Сандық бейнебетте
жаңа параметр пайда болады.
5. Операцияны ыдыс жуғыш
машинаның жадына енгізу үшін
құрылғыны өшіріңіз.
16 electrolux