User manual

Тазалау бұйымдарын қолдану
Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда
пайдалану үшін арнайы шығарылған
жуу заттарын ғана пайдаланыңыз.
Орауыштың сыртында көрсетілген,
өндіруші ұсынып отырған жуу
затының қолданылатын мөлшері
мен оны сақтау туралы кеңестерге
назар аударыңыз.
Жуу затын көрсетілген мөлшерден
артық пайдаланбау арқылы зиянды
заттардың бөлініп, қоршаған ортаны
ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.
Жуғыш затты салу
1. Қақпақшаны ашыңыз.
2. Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш
заттан салыңыз. Таңбаламалар
жуғыш затты қосу мөлшерін
көрсетеді:
20 = шамамен 20 г жуғыш затқа тең
30 = шамамен 30 г жуғыш затқа тең.
1
2
3. Алдын ала жуу кезеңінен тұратын
барлық бағдарламалар үшін, алдын
ала жуғыш зат сауытына (2) жуғыш
заттың қосымша(5/10 г)мөлшерін
салу керек.
Жуғыш заттың бұл қосымша мөлшері,
алдын ала жуу кезеңінде қосылады.
Таблетка пішіндес жуу заттарын
пайдалану; таблеткаларды сауытқа
(1)салыңыз
4. Қақпақшаны қойып, оны жабылғанға
дейін үстінен басыңыз.
Әртүрлі өндірушілер өндірген
таблетка тәрізді жуу заттарының еру
уақыты да әртүрлі болады. Сол
себепті, қысқа мерзімдік жуу
бағдарламалары қолданылғанда
кейбір таблетка пішіндес заттарды
пайдалану күткен нәтижеге
жеткізбейді. Сондықтан таблетка
пішіндес жуу заттарын қолданған
кезде, жуу заттарының қалдығы
әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу
бағдарламаларын қолданыңыз.
electrolux 15