User manual
Ас құралдарына арналған кәрзеңке
Тігінен салынған ұзын жүзді
пышақтар қауіп көзі болып
табылады. Ұзын және/не өткір ас
құралдарын, мысалы ет кесуге
арналған пышақтарды жоғарғы
кәрзеңкеге көлденеңінен жатқызып
салу керек. Пышақ тәрізді өткір
заттарды салып, не шығарып алып
жатқан кезде сақ болыңыз.
Шанышқылар мен қасықтарды ас
құралдарына арналған алынбалы-
салынбалы кәрзеңкеге саптарын төмен
қаратып, ал пышақтарды саптарын
жоғары қарата салыңыз.
Егер кәрзеңкенің түбінен құралдардың
саптары шығып қалып, төменгі
бүріккішке кедергі жасап тұрса, онда ас
құралдарының саптарын жоғары қарата
салыңыз.
Шанышқылар бір-біріне жабысып қалмас
үшін, басқа ас құралдарымен
араластыра салыңыз.
Ас құралдарын кәрзеңкеге салуды
жеңілдету үшін, ас құралдарына
арналған кәрзеңкенің ұстағышын
төмендетіңіз.
Жақсы нәтижелерге жету үшін ас
құралдары салынатын торды қолдануды
ұсынамыз.
Егер ас құралдарының көлемі тор
өлшеміне сай келмей, оны қолдану
мүмкін болмаса, торды оңайлықпен
жасырып қоюға болады.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет тәрелкелер (десерт
тәрелкелері, табақшалар, диаметрі 24
см дейінгі ас тәрелкелері), салат
табақтары, шыныаяқтар және
стакандарға арналған
Шыныаяқ сөрелеріндегі және олардың
астындағы ыдыс-аяқтарды, су барлық
жерлеріне жақсылап тиерліктей
орналастырыңыз.
12 electrolux










