User manual

Әркүндік қолдану
Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұз не
шаю затымен толтыру қажеттілігінің
бар - жоқтығын тексеріңіз.
Ыдыс-аяқ жуғышқа ас құралдары мен
ыдыс-аяқтарды салыңыз.
•Ыдыс-аяқ жуғышты жуу затымен
толтырыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды
жууға сай келетін жуу бағдарламасын
таңдаңыз.
Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Пайдалы кеңестер
Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін
және кез келген суды сіңіріп алатын
затты ыдыс жуғыш машинада жууға
болмайды.
Ыдыс-аяқты салар алдында:
Тамақ қалдықтары мен басқа
қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз.
Жанып жабысып қалған тағам
қалдықтарын қазаншаларға салып
жібітіп алыңыз
Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын
машинаға салған кезде, келесі
кеңестерге назар аударыңыз:
Ыдыс-аяқ пен ас құралдары
айналып тұратын бүріккіш түтіктерге
кедергі жасамауы керек.
Су жиналмау үшін кәстрөлдер,
стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты
шұңғыл ыдыстардың ауыздарын
төмен қаратып салыңыз.
Ас құралдары ыдыс-аяқтардың
ішінде, не олар бірінің ұстінде бірі
жатпауы керек.
Стакандарға зиян келтірмеу үшін,
олар бір-біріне тимеуі керек.
Кішкентай заттарды ас құралдарына
арналған себетке салыңыз.
Отқа төзімді пластмасса заттардың
және кәстрөлдердің қабырғалары су
тамшыларын ұстап қалуға бейім
келеді; бұл заттар фарфор немесе
темір заттар сияқты тез құрғамайды.
Жеңіл заттар (пластик сауыттар, т.б.)
үстіңгі себетке салынып,
қозғалмайтындай етіп
орналастырылуы керек.
10 electrolux