Қолдану туралы нұсқаулары Ыдыс жуғыш машина ESF 47005
electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз.
electrolux 3 • Бұйымды пайдаланып болғаннан соң, оны электр қуаты көзінен ажыратып, судың берілуін тоқтатыңыз. • Бұл өнімді осы бұйымды орнату немесе жөндеу үшін рұқсаты бар мамандар ғана жөндей алады және тек осы фирма шығарған бөлшектерді ғана пайдалануға болады. • Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне алып келеді. Өзіңіздің жергілікті қызмет көрсету орталығыңызбен хабарласыңыз.
electrolux Назарыңызда болсын! Электр желісіне және су құбырына қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз.
electrolux 5 Бұйым сипаттамасы 7 8 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Қосу/Өшіру түймешігі Болдырмау түймешігі (Cancel) Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер Multitab түймешігі (Multitab) Қуатты үнемдеу түймешігі (Save) Кешіктіріп бастау түймешігі (Delay) Сандық бейнебет Функция түймешіктері Анықтағыш шамдар Бағдарлама шамдары Анықтағыш шамдар Multitab параметрін орнатқанда жанады. Қуатты үнемдеу функциясы орнатылғанда жанады. Шайғыш зат бітіп қалғанда жанады. 1) Арнайы тұз таусылғанда жанады.
electrolux Сандық бейнебет Сандық бейнебеттен: • су жұмсартқышы орнатылған су кермектігінің деңгейі, • орындалып тұрған бағдарламаның аяқталуына дейін қалған уақыт, • шайғыш зат үлестіргішті белсенді күйге көшіру/ажырату ( ТЕК multitab функциясы қосылулы тұрғанда ғана), • жуу бағдарламасының соңы (сандық бейнебетте нөл пайда болады), • кешіктіріп бастау функциясының кері санағы, • ыдыс жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты ақаулық кодтары көрсетіледі.
electrolux 7 • • • • нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылғандығына көз жеткізіңіз. Бұйымның ішінен барлық орауыштарды алып тастаңыз Суды жұмсартқышты баптаңыз Тұз қорапшасының ішіне 1 литр су құйып, содан кейін ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұзды салыңыз Шаю заттарына арналған қорапшаны толтырыңыз Егер таблетка пішіндес, келесі көрсетілгендегідей құрама жуу заттарын пайдаланатын болсаңыз: "3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие 1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б., Multitab функциясы қосыңыз.
electrolux Электрондық тәсілмен баптау Ыдыс жуғыш машинаның әдепкі деңгейі - 5. 1. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз. Машина параметрлерді орнату күйінде тұруға тиіс. 2. B және C функция түймешіктерін қатар басып ұстап тұрыңыз. A, B және C функция түймешіктерінің үстіндегі анықтағыш шамдар жыпылықтай бастайды. 3. A функция түймешігін басыңыз, B және C функция түймешіктерінің үстіндегі шамдар өшеді. A функция түймешігінің үстіндегі анықтағыш шам жыпылықтауын жалғастырады.
electrolux 9 Қорапша тұзбен толтырылып жатқанда, су шетінен асып төгілсе, алаң болмаңыз, бұл қалыпты жағдай. Басқару панеліндегі тұз шамы тұз толтырылғаннан соң, 2 сағаттан 6 сағатқа дейін,егер ыдыс-аяқ жуғыш машина қосылулы тұрса, жанып тұрады. Егер ұзақ еритін тұзды пайдаланып жатсаңыз, бұл уақыт шамасы арта түседі. Машинаның жұмысына кері әсерін тигізбейді. Шаю бұйымдары Назарыңызда болсын! Тек жуғыштарға арналған, сапалы шаю заттарын пайдаланыңыз.
electrolux Әркүндік қолдану • Ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұз не шаю затымен толтыру қажеттілігінің бар - жоқтығын тексеріңіз. • Ыдыс-аяқ жуғышқа ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салыңыз. • Ыдыс-аяқ жуғышты жуу затымен толтырыңыз. • Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды жууға сай келетін жуу бағдарламасын таңдаңыз. • Жуу бағдарламасын бастаңыз. Пайдалы кеңестер Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін және кез келген суды сіңіріп алатын затты ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
electrolux 11 Ыдыс жуғышта келесі ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жууға болмайды: сыймайтын: • Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе ақықтан жасалған ас құралдары. • Отқа төзімді емес пластик заттар. • Отқа төзімді емес ескі және бөліктері желімделіп құрастырылған ас құралдары. • Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ. • Қалайы немесе мыс заттар. • Қорғасынды хрусталь. • Тоттануға бейім темір заттар. • Ағаш табақтар. • Синтетикалық талшықтардан жасалған заттар.
electrolux Ас құралдарына арналған кәрзеңке Тігінен салынған ұзын жүзді пышақтар қауіп көзі болып табылады. Ұзын және/не өткір ас құралдарын, мысалы ет кесуге арналған пышақтарды жоғарғы кәрзеңкеге көлденеңінен жатқызып салу керек. Пышақ тәрізді өткір заттарды салып, не шығарып алып жатқан кезде сақ болыңыз. Шанышқылар мен қасықтарды ас құралдарына арналған алынбалысалынбалы кәрзеңкеге саптарын төмен қаратып, ал пышақтарды саптарын жоғары қарата салыңыз.
electrolux 13 Ұзын бокалдарды шыныаяқтар сөресіне төңкеріп орналастыруға болады. Ұзынырақ заттар үшін ыдыс-аяқ ілгектерін жоғары қарай жиып қоюға болады. Ас құралдарының өлшемі үстіңгі себеттің қалай орналасқандығына байланысты. Келесі кестедегі ақпаратқа сүйеніңіз.
electrolux Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі: Үстіңгі себетті түсіргенде үстіңгі себет ішінде астыңғы себет ішінде 24 см 27 см Себетті ең үстіңгі орынға көтеру үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз: 1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа қарай тартыңыз. 2. Механизмі өз орнына орнығып себет тұрақтанғанға дейін оның екі жағынан еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз. Сақтандыру туралы ескерту! ЕСІКТІ ЖАППАС БҰРЫН БҮРІККІШТЕРДІҢ ЕРКІН АЙНАЛА АЛАТЫНДЫҒЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ.
electrolux 15 Тазалау бұйымдарын қолдану Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда пайдалану үшін арнайы шығарылған жуу заттарын ғана пайдаланыңыз. Орауыштың сыртында көрсетілген, өндіруші ұсынып отырған жуу затының қолданылатын мөлшері мен оны сақтау туралы кеңестерге назар аударыңыз. Жуу затын көрсетілген мөлшерден артық пайдаланбау арқылы зиянды заттардың бөлініп, қоршаған ортаны ластамауына өз үлесіңізді қосасыз. 3.
electrolux Multitab функциясы Бұл бұйым "Multitab құрама жуу таблеткаларын" қолдануға мүмкіндік беретін "Multitab функциясымен" жабдықталған. Бұл өнімдер - жуу, шаю және тұзбен жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын бір өзінде қамтыған жуу заттары. Қандай затты таңдағаныңызға байланысты ("3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие 1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б.), сол таблетка пішіндес жуу затының құрамында басқа қасиетке ие заттардың да бар болуы мүмкін.
electrolux 17 Егер қайта жеке-жеке жуғыш заттарды қолданатын жүйеге көшкіңіз келсе, біздің берер кеңесіміз: 1. Multitab функциясын ажыратып қойыңыз. 2. Тұз бен шайғыш зат сауыттарын қайтадан толтырыңыз. 3. Су кермектігінің ең жоғарғы деңгейін орнатып, қалыпты жууға арналған 1 бағдарламаны ыдысаяқсыз орындаңыз. 4. Су кермектігінің параметрін аймағыңыздағы су кермектігіне сай орнатыңыз. 5. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.
electrolux Орындалып тұрған жуу бағдарламасын немесе кері санақты болдырмау • Болдырмау түймешігін барлық бағдарлама шамдары жанғанша қатар басып ұстап тұрыңыз. • Кідіртіп бастау параметрін біржола тоқтатсаңыз жуу бағдарламасы мен параметрлер де(Multitab параметрінен басқасы)біржола тоқтайды. Жуу бағдарламасын қайта таңдаңыз. • Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау қажет болса, жуғыш зат сауытында жуғыш заттың бар-жоғын тексеріңіз. Жуу бағдарламасының соңы • Ыдыс жуғыш машина автоматты түрде тоқтайды.
electrolux 19 Бағдарлама Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Бағдарлама сипаттамасы Қуатты үнемдеу функциясы 1) Аса ластанған Ыдысаяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар Алдын ала шаю Негізгі жуу, 70°C дейін 2 рет аралық шаю Соңғы шаю Кептіру Жуу бағдарламасына өз ықпалын тигізеді. Қалыпты не аздап кірленген Ыдысаяқтар мен ас құралдары Негізгі жуу, 60°C дейін Соңғы шаю Жуу бағдарламасына еш ықпал тигізбейді.
electrolux Күту менен тазалау Сүзгіштерді тазалау Сүзгілерді ара-тұра тексеріп және тазалап отыру керек. Кірленген сүзгілер жуу нәтижесін нашарлатады. 6. Тегіс сүзгіні жуу бөлімінің түп жағынан шығарып алып, екі жағын да жақсылап жуыңыз. Назарыңызда болсын! Сүзгілерді тазалауға кіріспес бұрын, машинаның ажыратылып тұрғандығына көз жеткізіңіз. 1. Есікті ашып, төменгі кәрзеңкені шығарып алыңыз. 2. Ыдыс-аяқ жуғыштың сүзу жүйесі ірі көз сүзгіден ( A ), микро-сүзгіден( B ) және тегіс сүзгіден тұрады.
electrolux 21 Ішін тазалау Есік айналасындағы тығыздағыштарды, жуғыш және шайғыш зат сауыттарын мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап тұрыңыз. Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып, аса кірлеген ыдыс-аяқтарды жууға арналған бағдарламаны ешбір ыдысаяқсыз орындап тұруды ұсынамыз. Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау Егер машинаны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз: 1. Машинаны электр желісінен ажыратып, содан кейін суды өшіріп тастаңыз. 2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін, есікті ашыңқырап қойыңыз. 3.
electrolux Қателер коды және дұрыс жұмыс істемеу • сандық бейнебетте пайда болады Су тасқынына қарсы құрал белсенді күйде тұр Дұрыс жұмыс істемеу Бағдарлама басталмай тұр Аталып өткен тексерулер аяқталғаннан соң, бұйымды қосыңыз. Бағдарлама тоқтап қалған жерінен әрі қарай жалғасады. Егер дұрыс істемеу, не ақаулық коды қайта көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету орталығыңызбен хабарласыңыз. Жоғарыда сипатталмаған қателер коды көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету орталығыңызбен хабарласыңыз.
electrolux 23 Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыс-аяқтарға жолақ-жолақ сызаттар мен ақшыл таңдақтар түскен немесе шыны ыдыстардың үсті көкшіл тартқан • Шаю затының мөлшерін азайтыңыз. Стакандар мен ыдыстарда құрғап қалған су тамшыларының іздері қалған • Шаю затының мөлшерін көбейтіңіз. • Бұның себебі жуу заты болуы мүмкін. Жуу затын өндірушінің тұтынушыларды қолдау бөлімімен хабарласыңыз. Егер осы тексерулерден соң ақаулық тағы да орын алса, жергілікті қолдау қызметімен хабарласыңыз.
electrolux Үстіңгі себетті салат шыныаяғын салмай орналастыру Астыңғы себетке ыдыс-аяқтарды орналастыру Үстіңгі себетті салат шыныаяғын салып орналастыру Ас құралдарының ас құралдары себетінде орналастырылуы Шыныаяқ торлары: А орны Орнату Назарыңызда болсын! Осы машинаны орнату үшін керек болған электр және су беру мен канализация жүйесіне қосу жұмыстарын тек қана білікті электрик, сантехник немесе білікті маман атқаруы керек.
electrolux 25 Машинаның үстіңгі жұмыс тақтасын алып тастап, оны раковинаның астына не алдын ала орнатылған жұмыс үстелінің астына, өлшемдері суретте көрсетілгендей қуысқа орналастырыңыз. Келесі әрекеттерді орындаңыз: • Машинаның жұмыс тақтасын екі артқы бұранданы(1)бұрап алу арқылы босатыңыз да, жұмыс тақтасын машинаның арт жағынан(2) тартып шығарып, көтеріп тұрған қалпы алдыңғы саңылаулардан сырғытып шығарыңыз(3).
electrolux құбырларындағы орташа қысым туралы мәліметті жергілікті сумен қамтамасыз ететін мекемеден аласыз. Су беретін шлангты қосып жатқанда ол майысып, жаншылып, не шиеленісіп қалмаған болуы керек. Ыдыс жуғыш машинаның функциялары,контргайканың көмегі арқылы солға не оңға қарай бұрыла алатындай етіп орнатылған түтіктерді сумен толтырып және жуынды судан босатып беріп отырады. Су ағып кетпес үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс.
electrolux 27 Егер кір су түтігін ұзартқышты пайдаланып отырсаңыз, оның ішкі диаметрі құрылғымен бірге жеткізілген түтіктің диаметрінен кіші болмауға тиіс. Машинаны кір су құбырына қосу үшін пайдаланылған муфталардың ішкі диаметрі де, құрылғымен қатар жеткізілген түтік диаметрінен кем болмауға тиіс. Кір суды ағызатын түтікті раковинаның астындағы түтікке қосар кезде, оның сыртындағы пластмасса қабықты тұтастай(A) алып тастау қажет.
electrolux Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін.
electrolux 29
electrolux
electrolux 31
www.electrolux.