User manual
• шайғыш затты үлестіргішті белсенді
күйге көшіру/ажырату ( ТЕК 'Multitab'
функциясы қосылулы тұрғанда ғана),
• жуу бағдарламасының соңы (сандық
бейнебетте нөл пайда болады),
• кешіктіріп бастау функциясының кері
санағы,
• ыдыс жуғыш машинаның дұрыс жұмыс
істемеуіне байланысты ақаулық
кодтары көрсетіледі.
Функция түймешіктері
Бұл түймешіктерді пайдаланып келесі
функцияларды орнатуға болады:
• су жұмсартқыштың деңгейін лайықтап
орнату,
• жуу бағдарламасын немесе
орындалып тұрған "кешіктіріп бастау"
функциясын болдырмау,
• Multitab функциясын қосу/ажырату,
• Multitab функциясы қосылып тұрған
кезде, шайғыш зат үлестіргішті қосу/
ажырату.
Параметрлерді орнату күйі
Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз;
Егер БАРЛЫҚ бағдарлама түймешіктері
жанса, құрылғы параметрлерді орнату
күйінде тұр деген сөз.
Келесі әрекеттерді орындаған кезде,
әрдайым есіңізде болсын:
– жуу бағдарламасын таңдағанда,
– су жұмсартқыштың деңгейін
орнатқанда,
– шайғыш зат үлестіргішін белсенді
күйге көшіргенде/ажыратқанда,
құрылғы міндетті түрде
параметрлерді орнату күйінде
тұруға ТИІС .
Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз;
егер бағдарлама шамы жанса, бұл соңғы
орындалған не соңғы таңдалған
бағдарлама әлі де орнатылып тұр
дегенді білдіреді. Осы жағдайда
параметрлерді орнату күйіне қайтып
оралу үшін бағдарламаны біржола
тоқтату керек.
Орнатылған бағдарламаны немесе
орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау
B және C функция түймешіктерінің екеуін
де, барлық бағдарлама шамдары
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
Бағдарлама біржола тоқтайды да,
машина енді параметрлерді орнату
режиміне көшеді.
Бірінші қолдану
Ыдыс-аяқ жуғышты ең алғаш рет
қолданар алдында:
• Электр көзіне және су жүйелеріне
қосылу жұмыстарының, орнату
нұсқауларына сәйкес жүзеге
асырылғандығына көз жеткізіңіз.
• Бұйымның ішінен барлық
орауыштарды алып тастаңыз
• Суды жұмсартқышты баптаңыз
• Тұз қорапшасының ішіне 1 литр су
құйып, содан кейін ыдыс-аяқ жуғышқа
арналған тұзды салыңыз
• Шаю заттарына арналған қорапшаны
толтырыңыз
Егер таблетка пішіндес, келесі
көрсетілгендегідей құрама жуу
заттарын пайдаланатын болсаңыз:
"3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие
1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат", т.б.,
Multitab функциясы қосыңыз.
("Multitab функциясы" бөлімін
оқыңыз).
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Ыдыс-аяқ жуғышыңыз, қосылатын судың
құрамындағы машинаға зиян келтірерлік
немесе оның қызметінің тиімділігін
төмендетерлік минералдар мен
тұздарды алып тастауға лайықтап
жасалған суды жұмсартқышпен
жабдықталған.
Осы минералды заттар мен тұздардың
мөлшері неғұрлым көп болса, судың
қатаңдығы да соғұрлым жоғары болады.
Су қатаңдығы балама өлшемдер арқылы
өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH),
Францияның өлшемі (°TH) және ммоль/л
(бір литрдегі миллимоль - су қатаңдығын
өлшейтін халықаралық өлшемі).
6 electrolux










