User manual
Жұмсақ тірегіштер
Жұмсақ тірегіштер жуу циклі орындалып
тұрғанда не үстіңгі себет алынған кезде
шыны ыдыстар орындарынан жылжып
кетуден сақтайды.
Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнату үшін
суретке қараңыз. Оларды себеттің тек оң
жағына ғана орнату керек.
Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнатып
болған соң төмен қарай мықтап басып,
жылжып кетпейтіндігіне көз жеткізіп
алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! ЕСІКТІ
ЖАППАС БҰРЫН БҮРІККІШТЕРДІҢ
ЕРКІН АЙНАЛА АЛАТЫНДЫҒЫНА
КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ.
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
Егер үлкен тәрелкелерді жуғыңыз келсе
үстіңгі себетті жоғары көтергеннен кейін,
оларды астыңғы себетке салыңыз.
Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:
үстіңгі себет
ішінде
астыңғы
себет ішінде
Үстіңгі
себетті
көтергенде
20 см 31 см
Үстіңгі
себетті
түсіргенде
24 см 27 см
Себетті ең үстіңгі орынға көтеру үшін,
келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа
қарай тартыңыз.
2. Механизмі өз орнына орнығып себет
тұрақтанғанға дейін оның екі жағынан
еппен ұстап, жоғары қарай көтеріңіз.
electrolux 13










