Basic Guide
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу
жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны
электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш
құралында сутегілі көміртек бар;
сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны
қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана
жүзеге асыруға тиіс.
Тоңазытқыш қырауын еріту
Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде
тоңазытқыш камерасының
буландырғышындағы қырау, мотор
компрессоры тоқтаған сайын автоматты
түрде жойылып отырады. Еріген су
құрылғының артындағы, мотор
компрессорының үстіндегі арнайы
контейнердегі түтікше арқылы жиналады да,
осы жерде буға айналады.
Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас
үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы
еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл
тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген
тазалағышты пайдаланыңыз, оны су
ағызатын тесіктен таба аласыз.
Мұздатқыш камераның мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның
айналасына белгілі бір мөлшерде қырау
әрқашан жиналады.
Мұздатқыш камераның қырауының
қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде,
оны жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз:
• электр ашасын жардағы розеткадан
суырыңыз немесе құрылғыны сөндіріңіз
• ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше
қабат газетке ораңыз да, салқын жерге
қойыңыз
• мұздартқыштың тартпаларын алыңыз
• тартпалардың айналасына жылу
өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы,
жамылғылар немесе газеттер.
Мұздатқыштың мұзын ерітуді ішіне ыстық су
(қайнап тұрмаған) құйылған тостағандарды
қою арқылы жылдамдатуға болады.
• Ағызу арнасын бекітілген күйінен
босатыңыз, оны суретте көрсетілгендей
басыңыз және оған су жиналуы үшін
мұздатқыштың төменгі тартпасына
салыңыз
• ери бастаған кезде мұзды ақырын қырып
тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса
қырғышты пайдаланыңыз
• барлық мұз еріген кезде, камераны
тазалаңыз және құрғата сүртіңіз, содан
кейін ағызу арнасын өз орнына қойыңыз.
• камераны қосыңыз және мұздатылған
тағамдарды қайта салыңыз.
Жеткілікті сақтау температурасына тез арада
жетуі үшін құрылғыны термостатты бақылау
тетігін бірнеше сағатқа ең жоғарғы күйге
қойып пайдалану ұсынылады.
Өте маңызды! Буландырғыштағы қырауды
ешқашан өткір металл қырғышпен қырмаңыз,
оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Мұзды
жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған
құралдардан өзге механикалық немесе басқа
жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз.
Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып
мұздатылған тағамдардың
температурасының жоғарылауы олардың
қауіпсіз сақталу мерзімін қысқартуы мүмкін.
electrolux 9










