Basic Guide

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Мұздатылған тағамды сақтайтын камера
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету, мысалы
электр қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты"
бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт
бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып
барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң)
қажет.
Жібіту
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
FreeStore
Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам
суытып, камера ішіндегі температураны
барынша біркелкі ұстауға көмектесетін
құралмен жабдықталған.
Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен іске
қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін
немесе бөлме температурасы жоғары
болған кезде температураны жылдам
қалпына келтіреді.
Қажет болғанда құралды қолмен қосуға
мүмкіндік береді ("FreeStore функциясы"
тарауын қараңыз).
Өте маңызды! FreeStore құралы есік ашық
кезде тоқтайды да, есік жабылғаннан кейін
дереу іске қосылады.
Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қажетті қатарға орналастыруға арналған
бірнеше бағыттағыш жолдар бар.
Бөтелке сөресі
Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын
ала орналастырылған сөреге қойыңыз.
Өте маңызды! Сөре көлденең
орналастырылған болса, тек жабық
бөтелкелерді ғана қойыңыз.
Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы
бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл
нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары
қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге
көтеріп қоюға болады.
electrolux 7