Basic Guide
ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
ERA36633W ERA40633W
Өлшемі
Биіктігі 1850 мм 2010 мм
Ені 595 мм 595 мм
Тереңдігі 648 мм 648 мм
Температураны
көтеру уақыты
20 сағ 20 сағ
Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол
жағында орналасқан техникалық ақпарат
тақтайшасында және қуат мәндері берілген
жапсырмада көрсетілген.
ОРНАТУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік
туралы ақпаратты" жеке басыңыздың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және
құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият
оқып шығыңыз.
Орналастыру
Бұл құрылғыны температурасы құрылғының
техникалық ақпараттар тақтайшасында
көрсетілген климат санатына сай келетін
жерге орналастыру қажет:
Климат
санаты
Қоршаған орта температурасы
SN +10°C бастап + 32°C дейін
N +16°C бастап + 32°C дейін
ST +16°C бастап + 38°C дейін
T +16°C бастап + 43°C дейін
Орналасуы
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура
түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен
мүмкіндігінше алыс орнату қажет.
Құрылғының артқы жағында ауаның еркін
айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы
жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы
қабырғаға ілулі заттың астына қойылса,
құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың
арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға
тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны
қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған
дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір
немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны
бір деңгейлеп орнатуға болады.
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
электр желісінен ағытатындай етіп
орналастыру керек; сондықтан оны
орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай
жететін жерде тұруға тиіс.
A
B
mm
mm
min
100
20
Электр желісіне жалғау
Электр желісіне қоспас бұрын техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу
мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына
сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта
қорек сымы контактпен қатар жеткізілген.
Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса,
білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала
отырып, құрылғыны қолданыстағы
ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз.
Жоғарыда айтылып өткен ережелер
сақталмаса, өндіруші қандай да бір
жауапкершілікті өз мойнына алудан бас
тартады.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді.
Артқы шығыршықтар
Нұсқаулық салынған қалтаның ішінде,
суретте көрсетілгендей орнатылатын екі
шығыршық бар.
Бұрамаларды босатыңыз да, ұшына
тығыздағышты салып қайтадан қатайтыңыз.
10 electrolux










