User manual

Уақытты орнату
Пеш тек уақыт қойылған соң ғана
жұмыс жасайды.
Құрылғыны электр желісіне қосқанда не
электр қуаты өшіп қалған кезде уақыт
функциясын көрсететін шам автоматты
түрде жыпылықтай бастайды.
Ағымдық уақытты орнату үшін " + " не "
- " түймешігін қолданыңыз.
5 секундтай уақыт өткеннен соң
жыпылықтау тоқтап, бейнебетте
орнатылған тәулік уақыты көрсетіледі.
Уақытты өзгерту үшін автоматты
функцияны (Ұзақтығы
немесе
Соңы
) қоса орнатуға бірге
болмайды.
Пешті қолдану үшін түймешікті басу
керек. Түймешік өз қалпына келеді.
Пешті қосу және өшіру
1. Пештің функциясын басқаратын
түймешесін пеш функциясына
қойыңыз.
2. Температура түймешесін
температурға қойыңыз.
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде қуат
шамы жанады.
Температура шамы пештің
температурасы көбейе бастаған
кезде жанады.
3. Пешті өшіру үшін пештің
функцияларын басқаратын түймеше
мен температура түймешесін Off
қалпына қойыңыз.
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істегенде, желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Құрылғыны
сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Пісіру алаңдары
Пісіру алаңдарының түймешесі
арқылы, тұмшапештің үстіне
қойылған пештің үстін басқарасыз.
Пештің үсті туралы толығырақ
ақпаратты, пеш үстінің
нұсқаулығынан қараңыз.
Қос шығырықты алаңды іске қосу
Назарыңызда болсын! Қос
шығырықты алаңды іске қосу үшін,
функцияны басқаратын қос
шығырығы бар түймешені (оны
"тоқтату" қалпы арқылы
бұрамаңыз)оңға бұраңыз.
1. Басқару түймешесін оңға қарай 9
қалпына дейін бұраңыз да, қос
шығырық белгішесіне қойыңыз. Осы
уақытта сәл кедергі пайда болғанын
сезесіз.
2. Кері қарай бұрап, қажетті
параметрге қойыңыз.
3. Пісіріп болғаннан кейін OFF қалпына
қайтарыңыз.
Қос шығырықты алаңды кейін қайта
қолдану үшін үлкен шығырықты
қосыңыз.
Қыздыру параметрлері
Пісіру алаңдарының индикаторлары
("Жалпы шолу") қай алаңның
таңдалғанын көрсетеді.
Басқару тетігі Функциясы
Қос шеңберлі алаңның тетігі
0 Off (сөндірулі) қалпы
1-9 Қыздыру параметрлері
(1 = ең төмен қыздыру параметрі; 9 = ең жоғары қыздыру параметрі)
2 және 7 мәндері аралығында жартылай мәндерді таңдауға болады.
6 electrolux