User manual
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
•Құрылғының алдыңғы жағын сабын
мен ыстық суды пайдаланып, жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
• Құрылғының металл беттерін әдетте
қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
• Пештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп
кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Пештің керек-жарақтарының (жуғыш
зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып
болған сайын тазалаңыз.
• Пештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Бұл оның ластық
тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
1
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды әрекеттерді
керісінше орындап салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал
ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
•Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының
қалпағына нұқсан келмес үшін
пештің табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын ауыстыру
1. Шамның қақпағын пештің арт
жағынан таба аласыз.
Шамның қақпағын алу үшін сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Шыны қақпақты тазалаңыз.
3. Шамның орнына 300°C қызуға
төзімді пеш шамын салыңыз.
Өте маңызды! Пеш шамындай шамды
қолданыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін
оның төбесіндегі қыздырғыш элементті
төмен қайырып қоюға болады.
20 electrolux










