User manual
Есікті дымқыл жөкемен тазалап, жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Жүн жөкені,
қышқылдарды немесе жеміргіш заттарды
пайдаланып тазаламаңыз, себебі құрылғының
бетін бүлдіреді.
Есік пен шыны панельдерді орнату
Тұмшапештің есігі таза болған кезде, шыны
панельдерді кері ретпен салыңыз. Ортаңғы
шыны панельдің үстіңгі жағында кішкене нүкте
бар және екіншісінің бетіне бедер салынған.
Ортаңғы шыны панельді ұяларына дұрыс
қойғаныңызды тексеріңіз.
Безендірілген жағы есіктің ішкі жағына қарап
тұруға тиіс. Орнатып болғаннан кейін шыны
панельдің жақтауының беткі жағы қолмен
ұстағанда бұдыр болмауға тиіс.
13. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы қызбайды. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Құрылғы қызбайды. Сағат қойылмаған. Сағатты қойыңыз.
Құрылғы қызбайды. Қажетті параметрлер
орнатылмаған.
Параметрлердің дұрыс екеніне
көз жеткізіңіз.
Құрылғы қызбайды. Балалар құлпы функциясы іске
қосулы.
"Балалар құлпын ажырату"
тарауын қараңыз.
Құрылғы қызбайды. Сақтандырғыш ағытылып
қалған.
Ақаулыққа сақтандырғыштың
себеп болғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта-қайта
босап кетсе, уәкілетті
электршіге хабарласыңыз.
Бейнебетте F111
көрсетіледі.
CT сенсоры ашасы розаткаға
дұрыс сұғылмаған.
Ішкі температура сенсорының
ашасын розеткаға барынша
әрірек сұғыңыз.
Шам жанбайды. Шамда ақау бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бейнебетте "Демо"
көрсетіледі. Құрылғы
қызбайды. Желдеткіш
жұмыс істемейді.
Сынақ режимі қосылған.
1.
Құрылғыны сөндіріңіз.
2.
түймешігін құрылғы
қосылып, сөнгенше басып
ұстап тұрыңыз.
3.
және түймешігін
дыбыстық сигнал естіліп,
“d” сөнгенше басып қатар
басып ұстап тұрыңыз.
Ақаулықты өзіңіз шеше алмасаңыз, дилерге
немесе қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына қажетті ақпарат
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы
30
www.electrolux.com