User manual
2.
Грильді абайлап төмен тартыңыз.
3.
Тұмшапештің төбесін жұмсақ шүберек
пен жылы суды, жуғыш затты
пайдаланып тазалаңыз және кептіріңіз.
4.
Грильді кері ретпен орнатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Грильдің дұрыс орнатылғанына және
құлап кетпейтініне көз жеткізіңіз.
12.5 Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі бірінен кейін бірі
орналасқан үш шыны панельден тұрады.
Тұмшапештің есігін және ішкі шыны
панельдерін алып тазалауға болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
Есіктің ашылатын жағы тұмшапештің
үлгісіне байланысты болады. Кей
үлгілерде есік оң жағынан ашылады,
кей үлгілерде сол жағынан ашылады.
Тұмшапештің есігін және шыны панельдерін алу
A
1.
Есік жақтауының (A) үстіңгі жағындағы
түймешіктерді басып, оны жоғары тартып
алыңыз.
B
2.
Ішкі шыны панельді B екі қолыңызбен
мықтап ұстап, тұрған жерінен жоғары
қарай сырғытып алыңыз. Екінші шыны
панельді де осылайша алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Шынылар құлап кетпес үшін мықтап
ұстаңыз.
ҚАЗАҚ 29