User manual

2.
Грильді абайлап төмен тартыңыз.
3.
Тұмшапештің төбесін жұмсақ шүберек
пен жылы суды, жуғыш затты
пайдаланып тазалаңыз және кептіріңіз.
4.
Грильді кері ретпен орнатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Грильдің дұрыс орнатылғанына және
құлап кетпейтініне көз жеткізіңіз.
12.4 Тұмшапештің шамы
Назарыңызда болсын!
Тұмшапештің шамын ауыстырған
кезде абай болыңыз. Электр қатері
бар.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында:
Тұмшапешті сөндіріңіз.
Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Тұмшапештің шамына және шыны
қақпағына зақым келмес үшін
тұмшапештің табанына шүберек
төсеңіз.
Шамға майдың қалдығы жұғып
күймес үшін, галоген шамды үнемі
шүберекпен ұстаңыз.
1.
Шамның қақпағын алу үшін сағат тілінің
бағытына қарсы бұраңыз.
2.
Шыны қақпақты тазалаңыз.
3.
Тұмшапеш шамының орнына 300 °C
градус қызуға төзетін тұмшапеш шамын
салыңыз.
Шамның дәл осындай түрін
пайдаланыңыз.
4.
Шыны қақпақты орнатыңыз.
12.5 Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі бірінен кейін бірі
орналасқан төрт шыны панельден тұрады.
Тұмшапештің есігін және ішкі шыны
панельдерін алып тазалауға болады.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
Есіктің ашылатын жағы тұмшапештің
үлгісіне байланысты болады. Кей
үлгілерде есік оң жағынан ашылады,
кей үлгілерде сол жағынан ашылады.
Тұмшапештің есігін және шыны панельдерін алу
A
1.
Есік жақтауының (A) үстіңгі жағындағы
түймешіктерді басып, оны жоғары тартып
алыңыз.
ҚАЗАҚ 29