User manual

Пеш қатарлары
Төменгі кестеден пештің сай келетін
қатарларын таба аласыз. Пештің
қатарлары төменнен жоғары қарай
саналады.
Жалпылама нұсқаулар
Тағамды 30 минуттан артық уақыт
пісірген жағдайда не көп мөлшердегі
тағамды пісірген кезде суды қажетінше
толтырып отыруға болады.
Құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланбасаңыз, су қорапшасын,
жалғастырғыш түтікшелер мен бу
генераторын сумен мұқият шайып
тазалаңыз (Тазалау және күтім
көрсету тарауын қараңыз).
Буға пісіру және интервал арқылы пісіру
кестесіне қатысты ақпарат
Бұл кестелер әдепкі тағам түрлерін
пісіруге қажетті температура, пісіру
уақыты мен пеш қатарларын таңдау
туралы ақпарат береді.
Температура мен пісіру уақыттары,
пісірілетін тағамның құрамы мен
мөлшеріне, қолданылатын ыдыстың
түрі мен санына байланысты
болғандықтан тек жалпылама ұсыныс
ретінде ғана берілген.
Өз рецептіңіз бойынша пісіруге сай
келер параметрлерді таппасаңыз,
соған неғұрлым ұқсас келетін
параметрді іздеңіз.
Егер басқаша сипатталмаса,
төмендегі берілген шамалар пісіру
жұмысы пеш суық тұрған кезде
басталды деген есеппен берілген.
Буға пісіру
Буға пісіру
функциясы тағамның
мұздаған не мұздамаған түрлерінің
барлығына сай келеді. Пісірудің бұл
тәсілін көкөністерді, ет пен балықты,
макарон, күріш, тәтті жүгеріні, семолина
мен жұмыртқаны пісіру, ысыту, жібіту
мен бәсең отқа пісіру не буға бұқтыру
үшін пайдалануға болады.
Тағамның толық мәзірін пісіру
Тағамның толық мәзірін бір уақытта
пісіруге болады. Пісіру уақыттары
негізінен ұқсас келетін тағамдарды
таңдаған абзал. Бұл тағамның жеке-
дара қосымшалары шала пісіп, не
болмаса шамадан тыс көп уақыт пісіп
кетуден сақтайды. Пайдаланылатын
судың көлемі, тағамның жеке-дара
қосымшалары үшін қажет етілетін судың
ең көп мөлшеріне сай анықталады.
Қосымша ақпарат алу үшін кестеге
қараңыз.
Тағамдар пеш сөрелеріне қойылған,
өздеріне сай келерлік ыдыстарға
салынуға тиіс. Сөрелердің арасындағы
қашықтық бу барлық тағамдарға емін-
еркін жетерліктей болу керек.
Тағамның толық мәзірін пісірген кезде
күрішке қажетті судың мөлшерін
кестедегі мәндермен салыстырғанда 1 :
1.5 - 1: 2 қатынасы бойынша көбейтіңіз.
Ыдыстарды зарарсыздандыру
Бу функциясы
ыдыстарды, мысалы
балалардың бөтелкесін бумен
зарарсыздандыру тәрізді функцияны
ұсынады. Бұл үшін таза ыдыстарды 1-ші
қатардағы пеш сөресінің ортасына
ауыздарын төмен қаратып қойыңыз.
Ыдыстарды пештің ішіне болар-болмас
бұрыш жасай отырып салыңыз. Суды
барынша мол (650 мл) құйып, уақытты 40
минутқа қойыңыз да, 96°C градусты
таңдаңыз.
Буға пісіру кестесі
Пісірілетін тағам түрі Су қорапшасы
арқылы
құйылатын су, мл
Температ
ура °C
Сөре
қатары
Уақыт
1)
мин.
Ризотто 400 96 2 25-30
Күріш (күріш:сұйық арақатынасы
1:1)
650 96 2 35-40
Жүгері ұнынан жасалған тағам
(полента, сұйықпен арақатынасы
1:3 )
550 96 2 35-40
electrolux 19