User manual

Тор мен қуыру сөресін орнату
Сөре бағыттауышының қауіпсіздік
және аударылып кетуден
сақтандырғыш құралы
Сөре бағыттауышының қауіпсіздігін
арттыру үшін әрбір кіріктірмелі құрам
бөліктердің оң жақ және сол жақ түбінде
ирек келген ойыс бар.
Әрқашан да кірістіріле орнатылатын
құрам бөліктердің бұл ойыс жағын
пештің ішкі арт жағына қаратып
салыңыз. Кірістіріле орнатылатын бұл
құрам бөліктердің ойыс жағы, сондай-ақ
оларды аударылып кетуден сақтайтын
маңызды қызмет атқарады.
Пісіру сөресін орналастыру:
Сөрені пештің таңдалған қатарындағы
бағыттағыш жолдардың арасына кіргізіп
ілгері жылжытыңыз.
Торды кіріктіріп орналастыру:
Торды оның тіреуіштерін төмен қаратып
орналастырыңыз.
Торды пештің таңдалған қатарындағы
бағыттағыш жолдардың арасына кіргізіп
ілгері жылжытыңыз.
Тор айналасындағы көтеріңкі
шығырық - ыдыс сырғып кетпес үшін
қосымша көмек беретін құрал болып
табылады.
Буға пісіру функциялары
Өте маңызды! Буға пісіру функцияларын
әрқашан сағат функциясының пісіру
уақыты
не пісіруді аяқтау уақыты
функцияларымен қатар орнату керек
(Пісіру уақыты / Пісірудің соңы
функцияларына арналған тарауды
қараңыз).
Өте маңызды! Сұйық зат ретінде тек
суды ғана пайдалану керек!
Су таусылып қалғанда ызың тәрізді
дыбысты сигнал беріледі. Cу қайта
толтырылған соң ызың тәрізді сигнал
өшіп қалады.
Пісіру уақытының соңында буды
автоматты түрде таратуға 5
минуттай уақыт және алдын ала
қыздыруға шамамен 2 минут уақыт
кететіндіктен, 10 минуттан аз пісіру
уақытын орнату аса тиімді емес.
Бу сонымен қатар есік ашылған кезде де
шығып кетеді.
Буға пісіру
1. Суды (шамамен 700 мл) бу
генераторына тура құймаңыз, оны
басқару панелінде орналасқан су
қорапшасына құю керек.
electrolux 11