User manual

Бу шығаратын жүйе
Өте маңызды! Бу құрылғысын әрбір
пайдаланып болған соң әбден құрғатып
отырыңыз. Су қалдығын сорғышқа сіңіріп
алыңыз.
Қақты сірке суы қосылған сумен
тазалауға болады.
Өте маңызды! Химиялық қақ
тазалағыштарды пайдаланған кезде
пештің эмаль қабатына нұқсан келуі
ықтимал. Өндірушінің нұсқауларын
әркез мұқият орындаңыз!
Су қорапшасы және бу генераторы
1. Сірке суы қосылған суды (шамамен
250 мл) бу генераторына су
қорапшасы арқылы құйыңыз.
Реакция уақыты шамамен 10 минут.
2. Сірке суының ерітіндісін сызат
түсірмейтін сорғышқа сіңіріп алыңыз.
3. Бу шығаратын жүйені су қорапшасы
арқылы таза суды пайдаланып
(100-200 мл) шайыңыз.
4. Бу генераторындағы суды сорғышқа
сіңіріп алыңыз да оны құрғатыңыз.
5. Пеш әбден құрғағанша есігін ашық
қалдырыңыз.
Пеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар! Пештің
шамын айырбастамас бұрын:
Пешті ажыратыңыз!
Сақтандырғыштарды
сақтандырғыш қораптарынан
алыңыз не өшіріп қойыңыз.
Пешті жарықтандырғыш шам және
оның шыны қалпағы сынып қалмас
үшін пеш еденіне мата төсеңіз.
Пештің қабырғасындағы
жарықтандырғыш шамды айырбастау/
шыны қалпағын тазалау
1. Сол жақтағы кіріктірмелі торды
алыңыз.
2. Металл қақпақты шеге бұрағышпен
бұрап алыңыз.
3. Металл қақпақ пен тығыздағышты
алып тазалаңыз.
4. Егер қажет болса: 25 Вт, 230В, 300°C
ыстыққа төзімді шамға
айырбастаңыз.
5. Металл қақпақ пен тығыздағышты
орнына салып, бұрама шегелерін
бұрап бекітіңіз.
6. Кіріктірмелі торларды салыңыз.
40 electrolux