User manual

5.5 сағаттан соң, 200 - 230°C
Сандық бейнебетте OFF пайда болады.
Пешті өздігінен өшіп қалғаннын соң
қайта қосу
Пешті толықтай ажыратыңыз. Оны
қайтадан қосуға болады.
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
Буға пісіру
Буға пісіру үшін буға пісіру
функциясын не интервал арқылы буға
пісіру
функциясын пайдаланыңыз.
Назарыңызда болсын! Есікті
тағамды буға пісірген кезде
ешқашан ашпаңыз
.
Өте маңызды! Сұйық зат ретінде тек
суды ғана пайдалану керек.
Буға пісіруге арналған ыдыс-аяқ
Қызуға төзімді және тот баспайтын
заттан жасалған ыдыс-аяқтарды буға
пісіру үшін пайдаланса жарайды.
Әсіресе, хром қоспасы бар темірден
жасалған контейнерлер жарамды
келеді. (Қосымша жабдықтарды
қараңыз.)
Пеш қатарлары
Төменгі кестеден пештің сай келетін
қатарларын таба алсыз. Пештің
қатарлары төменнен басталып,
жоғары қарай саналады.
Жалпы нұсқаулар
Тағам пісірілетін уақыт 30 минуттан да
көп болса не көп тағам пісірген кезде
қажет болса, су қосыңыз.
Тағамды буға
пісірген кезде май
сүзгісін алып қойыңыз, әйтпесе пісіру
уақыты ұзарады.
Егер құрылғы ұзақ уақыт
пайдаланылмаса, су қорапшасын,
түтікшелері мен бу генераторын сумен
әбден тазалап шайыңыз. ("Тазалау
және күтім" бөлімін оқыңыз.)
Буға пісіру және интервал арқылы пісіру
кестесіне қатысты ақпарат
Төмендегі кестелер тағам үшін қажетті
температура мен пісіру уақыттарын,
пештің қатарларын таңдау туралы
ақпарат береді.
Температура мен пісіру уақыттары,
пісірілетін тағамның құрамы мен
көлеміне, қолданылатын ыдыстың түрі
мен санына тәуелді болғандықтан тек
жалпы ұсыныс ретінде берілген.
Егер де өз рецептіңіз бойынша пісіруге
сай келер параметрлерді таппасаңыз,
соған неғұрлым ұқсас келетін
параметрді іздеңіз.
•Егер басқаша сипатталмаса,
төмендегі берілген шамалар пісіру
жұмысы пеш суық тұрған кезде
басталды деген есеппен берілген.
Буға пісіру
Буға пісіру
тәсілі тағамның
тоңазытылған немесе
тоңазытылмағанына қарамастан барлық
түрлеріне сай келеді. Пісірудің бұл
тәсілін тағамды пісіру, ысыту, жібіту мен
көкөністерді, ет пен балықты, макарон,
күріш, тәтті жүгеріні, семолина мен
жұмыртқаны бәсең отқа пісіруге не буға
бұқтыру үшін пайдалануға болады.
Ас мәзірін пісіру
Негізгі тағамды барлық
қосымшаларымен қоса бір уақытта
пісіруге болады. Пісіру уақыттары
негізінен ұқсас келетін тағамдарды
таңдаған абзал. Бұл тағамның жеке-
дара қосымшалары шала пісіп не
болмаса шамадан тыс көп уақыт пісіріліп
кетуден сақтайды. Пайдаланылатын
судың көлемі, тағамның жеке-дара
қосымшалары үшін қажет етілетін судың
ең үлкен көлеміне сай анықталады.
Қосымша ақпаратты кестеден аласыз.
Тағамдар пеш сөрелерінде орналасқан,
өздеріне сай келерлік ыдыстарға
салынып орналастырылуы керек.
Сөрелердің аралық қашықтығы бу
барлық тағамдарға емін-еркін
жетерліктей болу керек.
Тұтас ас мәзірін пісірген кезде күрішке
қосылатын судың көлемі кестедегіден
басқаша, яғни 1: 1,5-тен 1: 2.
Ыдыстарды зарарсыздандыру
Буға пісіру
функциясын ыдыстарды
мысалы, баланың бөтелкесін бумен
зарарсыздандыру үшін пайдалануға
болады. Бұл үрдісті жүзеге асыру үшін,
тазаланған ыдыстарды 1-ші қатардағы
пеш сөресінің ортасына ауыздарын
electrolux 19