User manual
Тор мен қуыру сөресін орнату
Сөре бағыттауышының қауіпсіздік
және аударылып кетуден
сақтандырғыш құралы
Сөрені бағыттауышының қауіпсіздігін
арттыру үшін әрбір кірістірмелі құрам
бөліктердің оң жақ және сол жақ түбінде
ирек келген ойыс бар.
Әрқашан да кірістіріле орнатылатын
құрам бөліктердің бұл ойыс жағын
пештің ішкі арт жағына қаратып
салыңыз. Кірістіріле орнатылатын бұл
құрам бөліктердің ойыс жағы, кіріктірмелі
бөлшектерді аударылып кетуден
сақтайтын да маңызды қызмет
атқарады.
Қуыру сөресін орналастыру:
Сөрені пештің таңдалған қатарындағы
бағыттағыш жолақтардың арасына
кіргізіп ілгері жылжытыңыз.
Торды кіріктіріп орналастыру:
Торды оның тіреуіштерін төмен қаратып
орналастырыңыз.
Торды пештің таңдалған қатарындағы
бағыттағыш жолақтардың арасына
кіргізіп ілгері жылжытыңыз.
Сөре айналасындағы көтеріңкі
шығырық - ыдыс сырғып кетпес
қосымша көмек беретін құрал болып
табылады.
Май сүзгісін орналастыру/алу
Май сүзгісін тағамды қуырған кезде ғана
пештің артқы бөліктерін май
шашыраудан сақтау үшін
пайдаланыңыз.
Май сүзгісін орналастыру
Май сүзгісін ұстағышынан ұстап оның екі
тірегін пештің артқы қабырғасының
үстіңгі жағына төмен бағыттап
орнатыңыз (желдеткіш саңылауы).
Май сүзгісін алу
Май сүзгішін ұстағышынан ұстап тұрып
жоғары көтеру арқылы алыңыз.
electrolux 11










