User manual

Пешті ажырату
Құрылғыны On/Off (Қосу/Өшіру)
түймешігін басып өшіріңіз.
Желдеткіш
Құрылғының бет жағын салқын ұстау
үшін желдеткіш автоматты түрде іске
қосылады. Пеш ажыратылған кезде
де желдеткіш құрылғыны
салқындатуын жалғастыра береді де
содан соң өздігінен ажырап қалады.
Жылдам қыздыру
Пештің функциясын таңдағаннан кейін
қосымша "жылдам жылыту"
функциясын пайдаланып бос тұрған
пешті едәуір қысқа уақытта алдын ала
қыздыруға болады.
Өте маңызды! Жылдам жылыту
функциясы аяқталып пеш қажетті
функцияда жұмыс істеп тұрмайынша
пісірілуге тиіс тағамды оның ішіне қоюға
болмайды.
1. Пештің қажетті функциясы мен
температурасын таңдаңыз да
оларды бастаңыз. Егер қажет болса,
ұсынылған температураны өзгертіңіз.
2.
Жылдам жылыту
түймешігін
басыңыз.
белгішесі жанады.
Бірінен соң бірі жыпылықтай бастаған
жолақтар жылдам жылыту
функциясының жұмыс істеп тұрғандығын
білдіреді.
Орнатылған температураға жеткен
кезде қызуды анықтағыш жолақтар
жанады. Дыбысты сигнал беріледі.
белгішесі өшеді.
Енді пеш алдын ала орнатылған
функция мен температураға сай қызуын
жалғастыра түседі. Тағамды енді пеш
ішіне қоюға болады.
Пеш функциялары
Пеш функциясы: Қолданылуы
Буға пісіру Көкөністер, картоп, күріш, макарон не басқа да тағам
қосымшаларына арналған.
Интервал арқылы буға
пісіру
Пісіру, қуыру, тоңазытылған не мұздатылған тағамды
жылытуға арналған.
Шығырықты
қыздырғыш бөлшек
арқылы желдеткішпен
пісіру
Пештің екі қатарына дейін тағам қойып, бір уақытта
қуыру мен пісіруге арналған.
Ыстық ауамен
грильдеу
Еттің үлкен кесектерін не үй құсының етін пештің бір
қатарында қуыруға арналған. Бұл функция сонымен
қатар тағамды гратиндеу мен үстін қызартып пісіруге
де жарайды.
Гриль Жалпақтап туралған тағамды грильдеу мен
қыздыруға арналған.
Жібіту /кептіру Шөптер мен жемістерді не көкөністерді жібіту мен
кептіруге арналған.
Төмен температурада
пісіру
Ерекше жұмсақ, сөлді ет қуырмасын дайындауға
арналған.
Ылғалды ыстық ауа Қуат шығынын үнемдейтін пісіру түрлері үшін, мысалы
құрғақ печенье, сонымен қатар қалыпқа салынып
бұқтырылатын тағамдарды пештің бір қатарында
пісіруге арналған.
10 electrolux