User manual

Пешті алдын ала қыздырып, 230°C
градуста пісіріңіз.
Параметр Сөре қатары
P 8 ПИЦЦА 3
Пісіру уақыты Су құйғыш арқылы
құйылатын су
25 мин. ---
КИШ ЛОРЕН
Қоспаның құрамы:
250 г ұн, сорты 405
125 г сарымай
60 мл су
1 шай қасық тұз
Аздаған бұрыш пен мускат жаңғағы
Дайындау:
Ұн, сарымай мен тұзды араластырыңыз
да су қосып қамыр илеңіз.
Қамырды 1 сағат тоңазытқышқа қойып
салқындатыңыз.
Әрлейтін қоспаның құрамы:
100 мл сүт
150 мл қышқыл қаймақ
•2 жұмыртқа
150г үккіштен өткізілген грире не
эменталь сыры
150 г текшелеп туралған майсыз
ветчина
150 г текшелеп туралған пияз
Бұрыш, мускат жанғағы
Тәсілі:
Бекон мен пиязды аздаған маймен
жоғары температурада қуырып алыңыз.
Сүт, қаймақ, жұмыртқа мен
дәмдеуіштердің барлығын қосып әбден
көпіршітіп араластырыңыз да содан соң
сырға қосып араластырыңыз.
Дайындау:
Қамыр жайыңыз да оны майланған
жалпақ қаңылтыр қалыпқа салыңыз (диа.
28см). Бекон мен пиязды бетіне тегістеп
жайыңыз да үстіне сұйық қоспаны
құйыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 9 КИШ ЛОРЕН 3
Пісіру уақыты Су құйғыш арқылы
құйылатын су
35 мин. ---
ТАУЫҚ 1,200г
Қоспалар:
1 тауық (1,000 - 1,200 г)
2 ас қасық зәйтүн майы
Тұз, бұрыш, паприка және карри
ұнтағы
Тәсілі:
Тауық етін жуыңыз да ас үй қағазымен
құрғатыңыз.
Дәмдеуіштерді майға араластырып осы
қоспаны тауықтың іші мен сыртына
біркелкі жағып шығыңыз.
Содан соң тауықтың төсін төмен қаратып
қызуға төзімді ыдысқа не ішіне тор
қабаты төселген шыны ыдысқа (арнайы
жабдық) салыңыз.
Шамамен 25 минут өткен соң тауықты
аударыңыз.
Алғашқы дыбысты сигнал естілген
соң(шамамен 50 мин.) еттің қалай
пісіріліп жатқанын тексеріп көріңіз. Қажет
болса, етті екінші сигнал естілгенше
қуыру уақытының соңына дейін
пісіруіңізге болады(шамамен 60 мин.)
Параметр Сөре қатары
P 10 ТАУЫҚ 1200 г 2
Пісіру уақыты Су құйғыш арқылы
құйылатын су
55 мин. 200 мл
БҰЗАУ БЕЛДЕМЕСІ (4 -6 кісіге арналған)
Дайындау:
Етті тоңазытқыштан 1 сағат бұрын алып
қойыңыз.
Қоспалар:
1000 г бұзау белдемесі
2 ас қасық зәйтүн майы
Тұз, бұрыш, паприка және аздаған
мускат жаңғағы
Тәсілі:
Бұзау белдемесін жуыңыз да ас үй
қағазымен құрғатыңыз.
Дәмдеуіштерді майға араластырып осы
қоспаны етке біркелкі жағып шығыңыз.
Бұзау белдемесін қуыруға арналған
ыдысқа салып, еттің сөлі ағып кетпес
үшін аса жоғарғы температурада 10
минут қуырып алыңыз да, алдын ала
қыздырылған қаңылтыр ыдысқа
салыңыз.
Пісіруге арналған қаңылтыр ыдыс:
electrolux 37