User manual

Сәбіз бен кольрабидің қабығын аршып,
бір асауға жетерліктей көлемде
бөлшектеп тураңыз.
Бұрышты жуыңыз да таспа тәрізді етіп
тураңыз. Барлық көкөністерді пештің
ашық ыдысына салыңыз да су құймай
пісіріңіз. Бұл әдіспен пісірген кезде, тұз
бен бұрыш тәрізді дәмдеуіштерді қоспай
пісіруге болады.
Параметр Сөре қатары
P 2 КӨКӨНІСТЕР
500-1000 Г
1-ші және 4-ші
Пісіру уақыты Су құйғыш арқылы
құйылатын су
40 мин. 650 мл
КАРТОП ГРАТИНІ (4-5 кісіге арналған)
Дайындау:
30 x 21 см, майланған пирекс ыдысы.
Қоспалар:
1,000 г картоп
60 г үккіштен өткізілген сыр
200 мл қаймақ
200 мл сүт
Тұз, бұрыш, мускат жанғағы, сарымсақ
Тәсілі:
Картоптардың қабығын аршыңыз да 3
мм қалың етіп тураңыз, содан соң гратин
ыдысына салыңыз. Тұз,бұрыш,мускат
жаңғағы мен сарымсақ қосып дәм-
татымын келтіріңіз.
Сүт пен қаймақты араластырыңыз да
картоптың үстіне құйыңыз. Ең соңында
үккіштен өткізілген ірімшікті үстіне
себіңіз.
Параметр Сөре қатары
P 3 КАРТОП
ГРАТИНІ
2
Пісіру уақыты Су құйғыш арқылы
құйылатын су
50 мин. 200 мл
АҚ НАН 500 -700 Г
Қоспалар:
1000г ұн, сорты 405
1 текше жас ашытқы не 2 пакет құрғақ
ашытқы
600 мл сүт
•15 г тұз
Тәсілі:
Ұн мен тұзды үлкен тегешке салыңыз.
Ашытқыны сүтке ерітіңіз де ұнға
құйыңыз. Барлық қоспаларды
араластырып қамыр илеңіз.
Ұнның түріне қарай сүт көп қажет етілуі
мүмкін.
Қамырды өз көлемінен екі есеге дейін
өскенше қойып қойыңыз.
Қамырдан екі бөлке жасаңыз да, оларды
пештің майланған пісіру сөресіне не
патиссер сөресіне (арнайы жабдық)
қойыңыз. Бөлкелерді өз көлемдерінен
жарты есе үлкейгенше қоя тұрыңыз.
Пісірмес бұрын олардың үстіне ұн себіңіз
де өткір пышақпен кем дегенде 1 см
терең 3 диагональ жолақ салыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 4 АҚ НАН 500 -
-700 Г
2
Пісіру уақыты Су құйғыш арқылы
құйылатын су
55 мин. 200 мл
БУЛОЧКА, әрбірі 40 г (той булочкалары,
40г)
Қоспалар:
500 г ұн, сорты 405
20 г жас ашытқы текшесі не 1 пакет
құрғақ ашытқы
300 мл су
10 г тұз
Тәсілі:
Ұн мен тұзды үлкен тегешке салыңыз.
Ашытқыны суға ерітіңіз де ұнға құйыңыз.
Барлық қоспаларды араластырып қамыр
илеңіз.
Қамырды өз көлемінен екі есеге дейін
өскенше қойып қойыңыз.
Қамырды бөліктерге бөліңіз де булочка
жасап пештің майланған пісіру сөресіне
не патиссер сөресіне (арнайы жабдық)
қойыңыз. Булочкаларды тағы да
көтерілгенінше 25 минут қоя тұрыңыз.
Пісірмес бұрын олардың үстін айқыштап
тіліңіз. Қажет болса, үстіне мак, зере не
сезам дәндерін себіңіз.
Параметр Сөре қатары
P 5 БУЛОЧКА,
ӘРБІРІ 40 г
3
electrolux 35