User manual

Желдеткіш
Желдеткіш құрылғының бет жағын
салқын ұстау үшін автоматты түрде
іске қосылады. Желдеткіш пешті
өшірген соң да оны салқындатуын
жалғастыра береді де, содан соң
өздігінен өшіп қалады.
Жылдам жылыту
Пештің функциясын таңдағаннан кейін
қосымша "жылдам жылыту"
функциясын пайдаланып, бос тұрған
пешті едәуір қысқа уақытта алдын ала
қыздыруға болады.
Өте маңызды! Жылдам жылыту
функциясы аяқталып пеш қажетті
функцияда жұмыс істеп тұрмайынша
пісірілуге тиіс тағамды оның ішіне қоюға
болмайды.
1. Пештің қажетті функциясын
орнатыңыз да, оны белсенді күйге
көшіріңіз. Егер қажет болса,
ұсынылған температураны өзгертіңіз.
2.
Жылдам жылыту
түймешігін
басыңыз.
белгішесі жанады.
Бірінен соң бірі жыпылықтай бастаған
жолақтар жылдам жылыту
функциясының жұмыс істеп тұрғандығын
білдіреді.
Орнатылған температураға жеткенде
қызуды анықтағыш шамның жолақтары
жанады. Дыбысты сигнал беріледі.
белгішесі өшеді.
Енді пеш алдын ала орнатылған
функция мен температураға сай қызуын
жалғастыра түседі. Тағамды енді пеш
ішіне қоюға болады.
Пісіру функциялары
Пеш функциясы Қолданылуы
Буға пісіру Көкөністер, картоп, күріш, макарон не басқа да тағам
қосымшаларына арналған.
Интервал арқылы буға
пісіру
Пісіру, қуыру, тоңазытылған не мұздатылған тағамды
жылытуға арналған.
Дөңгелек қыздырғыш
элементі бар
желдеткішті пеш
Пештің екі қатарына дейін тағам қойып, бір уақытта
қуыру мен пісіруге арналған.
Ыстық ауамен
грильдеу
Еттің не үй құсы етінің үлкен кесектерін пештің бір
сөресіне қойып қуыруға арналған. Бұл функция
сонымен қатар тағамды гратиндеу мен қызартып
пісіруге де жарайды.
Гриль Жалпақтап туралған тағамды грильдеу мен
қыздыруға арналған.
Жібіту /кептіру Шөптер мен жемістерді не көкөністерді жібіту мен
кептіруге арналған.
Төмен температурада
пісіру
Ерекше жұмсақ, сөлді ет қуырмасын дайындауға
арналған.
Ылғалды
желдеткішпен пісіру
Қуатты үнемдеп пісіру мен құрғақ кондитер өнімдерін
пісіруге, сондай-ақ, қалбырға салынған тағамдарды
пештің бір сөресіне қойып пісіруге арналған.
10 electrolux