User manual

Ақаулық Мүмкін себептері Шешетін жол
Үйдің электр желісіндегі
сақтандырғыш (сақтандырғыш
қорабындағы) ағытылып қалған
Сақтандырғышты тексеріңіз.
Егер сақтандырғыштар бірнеше
рет ағытылып қалса, уәкілетті
электр маманын шақырыңыз
Пеш шамы жұмыс
істемейді
Пешті жарықтандырғыш шамда
кінәрат бар
Пешті жарықтандырғыш шамды
ауыстырыңыз
Бейнебетте "d" пайда
болады да, пеш ешбір
режимде қызбайды.
Сынақ режимі қосылып тұр
Құрылғыны өшіріңіз, және
түймешігін сигнал естіліп,
бейнебеттен "d" өшкенше қатар
басып ұстап тұрыңыз.
Көрсетілген ұсыныстарға сүйене отырып
ақаулықтарды жөндеу мүмкін болмаса,
жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын! Осы
құрылғыға қатысты жөндеу
жұмыстарын тек уәкілетті қызмет
көрсету мамандары ғана жүзеге
асыруға тиіс. Дұрыс жүзеге
асырылмаған жөндеу жұмыстары
елеулі ақаулықтарға әкеліп
соқтыруы мүмкін.
Құрылғыны теріс іске қосқанда
қызмет көрсету орталығының
қызметкерінің келуі не жүзеге
асырған жөндеу жұмыстары үшін
құрылғының кепілдік мерзімі
аяқталмаса да төлемақы алынады.
Алдыңғы жағы металдан жасалған
құрылғыларға қатысты ақпарат:
Құрылғының алдыңғы жағы салқын
тұратындықтан есікті ашқан соң не
пісіру мен қуыру кезінде не бұл
жұмыстарды аяқтағаннан кейін есік
терезесінің ішкі жағы сәл буланып
тұруы мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту! Жаңа
құрылғыны тек уәкілетті маман ғана
орнатып және желіге қосуға тиіс. Бұл
нұсқауды орындаңыз. Бұл нұсқау
орындалмаған жағдайда орын алған
ақаулықтар кепілдік шартына
кірмейді.
Қауіп-қатер орын алып не адам
жарақаттанып қалмас үшін бүлінген
кабельді тек қызмет көрсету
орталығының маманы не уәкілетті
маман ауыстыруға тиіс.
Орнатушыға арналған қауіпсіздік туралы
ақпарат
•Құрылғының электр құрамдас бөлігі
оны электр желісінен ең кем дегенде
3мм бір полюсті контакт аралық
қашықтық арқылы ажыратуға
мүмкіндік беретін құралмен
жабдықталған.
Жарамды сақтандырғыш құралдар
қатарына мысалы, төмен қуатты (LS)
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(бұрамалы сақтандырғыштарды
контакт ұяшығынан алу керек), қалдық
ток ажыратқышы мен контакт
құралдары жатады.
Құрылғыны қоятын жерде оны электр
желісіне жалғауға жарамды әрі қол
жетер жерде орналасқан розетка бар
болуға тиіс.
•Құрылғыны электр желісінің қатерінен
сақтандырып орнату қажет.
Кірістіре орнатылған құрылғы
DIN68930 қауіпсіздік ережелеріне сай
келу керек.
42 electrolux