User manual
Әк қалдығы қалса су және сірке суын
пайдаланып тазалаңыз.
Өте маңызды! Қақ кетіргіш химиялық
тазартқыштар пеш бетінің эмаль
қабатына зиян келтіруі мүмкін.
Өндірушінің нұсқауларын мұқият
орындаңыз!
Су құйғыш және бу генераторы
1. Бу генераторына су мен сірке суы
қоспасын(шамамен 250 мл) су
құйғыш арқылы құйыңыз.
10 минуттай уақыт қоя тұрыңыз.
2. Су мен сірке суының қоспасын түрпілі
емес жөкеге сіңіріп алыңыз.
3. Бу генераторы жүйесін су құйғышты
пайдалана отырып таза сумен (100 -
200 мл) шайыңыз.
4. Бу генераторындағы суды жөкеге
сіңіріп алыңыз да, содан соң құрғатып
сүртіңіз.
5. Пеш есігін ашық қалдырып ішін әбден
кептіріп алыңыз.
Пеш шамдары
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар! Пештің
шамын айырбастамас бұрын:
• Пешті өшіріңіз!
• Сақтандырғыштарды
сақтандырғыш қораптарынан
алыңыз, не өшіріп қойыңыз.
Пештің жарықтандырғыш шамы
және оның шыны қалпағы сынып
қалмас үшін пеш еденіне мата
төсеңіз.
Пеш қабырғасындағы жарықтандырғыш
шамды алу/шыны қалпағын тазалау
1. Сол жақтағы сырғымалы жолдарды
алып қойыңыз.
2. Темір жақтауды бұранда шеге
бұрағышымен бұрап босатыңыз.
3. Темір жақтау мен оның
нығыздағышын алып тазалаңыз.
4. Қажет болса: Пешке арналған 25 Вт,
230 В, 300°C қызуға төзімді шамға
айырбастаңыз.
5. Темір жақтауы мен нығыздағышын
орнына салып, бұрандаларды
қатайтыңыз.
6. Кіріктірмелі жолдарды қайта
салыңыз.
Пеш есігі
Пеш есігін тазалау үшін пештен алып
қоюға болады.
Пеш есігін ағытып алу
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз.
40 electrolux










