User manual
1 пісіру сөресі:
мысалы, пештің 2-ші қатары
1 қаңылтыр қалып:
мысалы, пештің 1-ші қатары
2 пісіру сөресі:
мысалы, пештің 2-ші және 4-ші
қатарлары
Жалпы нұсқаулар
Сонымен қатар екі торт қалыбын бірінен
кейін бірін пештің бір сөресіне қатар
қойып пісіруіңізге де болады. Бұл пісіру
уақытын аса созбайды.
Мұздатылған тағамды пісіру
барысында сөрелер
деформацияланып қалуы мүмкін.
Бұл мұздатылған тағам мен пеш
температурасының арасындағы
айырмашылықтың аса үлкендігіне
байланысты. Сөрелер суығаннан
кейін олардың деформациясы да
жойылады.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
Бұл кестелер әдепкі тағам түрлері үшін
қажетті температура мен пісіру уақытын,
пештің қатарларын таңдау туралы
ақпарат береді.
2
2
1
1
44
2
2
• Температура және пісіру уақыты
қоспаның қоюлығына, көлеміне,
қалыптардың саны мен түріне
байланысты болғандықтан тек
жалпылама ұсыныс ретінде ғана
берілген.
• Тағамды ең төменгі температураға
қойып пісіре бастап, содан соң оны
қызарта түсу қажет болса не оның
пісіру уақыты ұзақ болса ғана
температураның жоғарғы шамасын
таңдауды ұсынамыз.
• Өз рецептіңіз бойынша пісіруге сай
келер параметрлерді таппасаңыз,
соған неғұрлым ұқсас келетін
параметрді іздеңіз.
• Бірнеше пісіру сөресіне қойылған не
бірнеше қатарларда
орналастырылған қалыптарға
салынған торттарды пісіріп жатсаңыз
пісіру уақытын 10-15 минутқа созуға
болады.
• Ылғалды кондитер өнімдерін (пицца,
жеміс фланы т.б.) пештің бір
қатарында пісіру керек.
• Биіктіктері әртүрлі торттар мен тоқаш
өнімдері бастапқыда біркелкі
қызармауы мүмкін. Бұндай жағдай
орын алса температураны
өзгертпеңіз. Пісіру үрдісі жеделдей
бастағанда бұл тағамдар біркелкі
қызара бастайды.
• Жаңа пешіңіз бұрыңғы пешіңізге
қарағанда, тағамды басқаша пісіріп не
басқаша қуыруы мүмкін. Егер мұндай
жағдай орын алса, қалыпты
параметрлер (температура, пісіру
уақыты) мен пеш қатарларын
төмендегі кестеде көрсетілген
ұсыныстарға сай реттеңіз.
Пісіру уақыты ұзақ болса, пешті
пісіру аяқталардан 10 минут бұрын
өшіріп, қалдық жылуды тиімді
пайдаланыңыз.
Егер басқаша сипатталмаса,
төмендегі берілген шамалар пісіру
жұмысы пеш суық тұрған кезде
басталды деген есеппен берілген.
Пісіру кестесі
electrolux 23










