User manual
Сөрені пештің таңдалған қатарындағы
бағыттағыш жолдардың арасына кіргізіп
ілгері жылжытыңыз.
Торды кіріктіріп орналастыру:
Торды оның тіреуіштерін төмен қаратып
орналастырыңыз.
Торды пештің таңдалған қатарындағы
бағыттағыш жолдардың арасына кіргізіп
ілгері жылжытыңыз.
Тор айналасындағы көтеріңкі
шығырық - ыдыс сырғып кетпес үшін
қосымша көмек беретін құрал болып
табылады.
Май сүзгісін орнату/алу
Май сүзгісін артқы қыздырғыш
элементтерге май шашырап кетпес үшін
тек тағамды қуырып пісірген кезде ғана
пайдаланыңыз.
Май сүзгісін орнату
Май сүзгісін ұстағышынан ұстап тұрып,
екі тірегішін пештің артқы
қабырғасындағы саңылауларға
(желдеткіш саңылауы) төмен қаратып
салыңыз.
Май сүзгісін алу
Май сүзгісін ұстағышынан ұстап тұрып,
жоғары тарту арқылы босатып алыңыз.
Буға пісіру функциялары
Өте маңызды! Буға пісіру функцияларын
әрқашан сағат функциясының пісіру
уақытымен
не пісіру уақытының
соңымен
(Пісіру уақыты / Пісірудің
соңы
сағат функцияларын қараңыз)
қатар пайдалану қажет.
Өте маңызды! Сұйық зат ретінде тек
суды ғана пайдалану керек!
Су таусылып қалғанда ызың тәрізді
дыбысты сигнал беріледі. Cу қайта
толтырылған соң ызың тәрізді сигнал
өшіп қалады.
Пісіру уақытының соңында буды
автоматты түрде таратуға 5
минуттай уақыт және пешті алдын
ала қыздыруға 2 минуттай уақыт
кететіндіктен 10 минуттан аз уақытқа
созылатын функцияны орнату
тиімсіз болып есептеледі.
Бу сонымен қатар есік ашылған кезде де
шығып кетеді.
Буға пісіру
1. Суды (шамамен 700 мл) бу
генераторына тура құймай, басқару
панеліндегі су құйғыш арқылы
құйыңыз.
electrolux 11










