User manual

тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Эмаль қаптаманың түсінің кетуі
құрылғының жұмысына еш əсер
етпейді, сондықтан да бұл кепілдік
заңы бойынша қарастырылатын
жағдай емес.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тағамды пісіргенде, тіпті гриль
жасаған кезде де құрылғы есігін
əрқашан жауып отыру қажет.
Микротолқын
Құрылғының ішінде тағам тұрса
ғана
іске қосыңыз. Тағам салынбаған
құрылғыны іске қоссаңыз қызып кетуі
мүмкін.
Микротолқынға төзімді
ыдыстарды ғана қолданыңыз.
"Пайдалы ақыл-кеңестер: Жарамды
ыдыстар мен материалдар" тарауын
қараңыз.
Бу шығуға байланысты ыдысты тот
басып кетпес үшін құрылғыны
пайдаланып болған сайын жұмсақ
шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Тағамды пластик, қағаз немесе басқа
тұтанғыш материалдан жасалған
сауттарға салып қыздырған кезде
құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
Егер түтін шықса, құрылғының есігін
жабық ұстаңыз. Құрылғыны сөндіріп,
электр желісінен ағытыңыз. Құрылғы
дұрыс жұмыс істемей тұрса
қолданбаңыз.
Сұйық затты ысытқан кезде кенет
тасып төгілмес үшін, сауытқа үнемі
кофе қасығын немесе шыны
таяқшаны салыңыз. Сұйықтың кенет
тасу температурасы ешбір көпіршіксіз
орнайды.
Сауытты шайқап қалса, сұйық кенет
қатты тасып кетуі мүмкін. Күйіп қалу
қатері
бар!
•"Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тəрізді тағамдарды,
жарылып кетпес үшін бірнеше рет
шанышқымен тесіп алғаннан кейін
пісіріңіз.
Тағамды пісіру/қыздыру кезінде ең
кемі 70°C градус температураның
орнағанына көз жеткізіңіз. Бұл үшін
кестедегі қуат жəне уақыт
параметрлеріне қатысты деректерді
қараңыз. Тағамның температурасын
өлшеу үшін сынап немесе сұйық
термометрлерді қолданбаңыз.
Микротолқынмен қыздырылған
тағамның
қызуы ыдысқа беріледі.
Пешке арналған қолғап немесе сол
сияқты затты қолданыңыз!
Қуат жəне уақыт параметрлерін тым
жоғары мəнге қойып, тағамды қатты
пісіріп жібермеңіз. Тағам кеуіп, күйіп
кетуі немесе кей жерлері тұтануы
мүмкін.
Құрылғы жұмыс істеген кезде
тұмшапештің ішкі жағы, грильдің
қыздырғыш элементі мен керек-
жарақтары ысып кетеді. Оларды
абайлап ұстаңыз жəне тұмшапешке
арналған қолғапты
немесе сол сияқты
затты қолданыңыз. Күйіп қалу қатері
бар!
Темір заттарды құрылғының
қабырғалары мен есігінен кем
дегенде 2 см алыс қою керек. Себебі
жарқыл пайда болып, құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін.
Егер арнайы көрсетілмесе, алюминий
қағазды қолданбаңыз.
Есік пен есік жақтауының арасына
ешбір нəрсе қыстырылып қалмасын.
Есіктің тығыздағышын, есік
тығыздағышының бетін жəне
құрылғының ішкі жағын əрқашан
таза
ұстаңыз. Құрылғының іші лас болса
қатерлі жағдайларға əкелуі мүмкін.
Тұтанғыш заттарды тұмшапештің
ішінде ұстамаңыз. Себебі тұмшапеш
іске қосылған кезде өртеніп кетуі
мүмкін.
Шөлмектегі баланың тағамын,
əрқашан қақпағын немесе бетіндегісін
алып қыздырыңыз. Қыздырып
болғаннан кейін араластырыңыз
немесе жақсылап шайқаңыз. Балаға
тағамды бермей тұрып
температурасының тым жоғары емес
екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны төмендегі жағдайларда
пайдаланбаңыз:
Қабығы
мен қабыршағы алынбаған
жұмыртқаларды пісірмеңіз, себебі
жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны
4 electrolux