User manual
Параметр Сөренің орналасуы Уақыт
P 12ТАУЫҚ 1200 Г 2 30 мин
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды
ең төмен температурада пісіруді жəне
тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш
сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін тазалау
үшін əдетте қолданылатын жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай
тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол
бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы
пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Керек-жарақтарының (жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бəрін пайдаланып
болған сайын тазалаңыз да,
құрғатыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен,
өткір қырлы құралмен тазаламаңыз
немесе ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз. Зат жабыспайтын қаптама
бүлініп қалуы мүмкін.
Сөре сырғытпаларын алу
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа
жолдарды алып қоюға болады.
Сөренің сырғытпасын көтеріңіз де,
алыңыз.
Сөре сырғытпасын əрекеттерді кері
ретпен орындап салыңыз.
Тұмшапеш шамы
Назарыңызда болсын! Электр
тоғы соғу қаупі бар!
Тұмшапештің шамы мен шамның
шыны қақпағы ыстық болуы мүмкін.
Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында:
• Құрылғыны сөндіріңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы
сақтандырғыштарды алыңыз немесе
айырып-қосқышты ажыратыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының ішкі табанына шүберек
төсеңіз. Бұл шамның шыны қақпағы
мен құрылғының ішіне нұқсан
келмес үшін қажет.
34 electrolux










