User manual

Ең алғаш пайдаланбас бұрын
Уақытты орнату мен өзгерту
Пеш тек уақыт орнатылған кезде
ғана жұмыс істейді.
Пешті электр желісіне қосқан соң не
электр қуаты өшіп қалған кезде тәулік
уақытының
белгішесі автоматты
түрде жыпылықтайды.
1. Бұрын орнатылған тәулік уақытын
өзгерту үшін сағат функциясының
түймешігін уақыт белгішесі
жыпылықтай бастағанша қайта-қайта
басыңыз.
2.
Ағымдық уақытты орнату үшін не
түймешігін басыңыз.
5 секундтай уақыт өткен соң жыпылықтау
басылады да, сағатта орнатылған уақыт
пайда болады.
Құрылғы енді қолдана беруге дайын.
Уақытты тек бала қауіпсіздігінің
құралы ажыратылған соң, кері санақ,
, пісіру уақыты не пісірудің соңы
тәрізді сағат функцияларының бір де
біреуі және пеш функцияларының
ешқайсысы орнатылмаған жағдайда
ғана өзгертуге болады.
Алғашқы тазалау
Құрылғыны ең алғаш рет пайдаланбас
бұрын оны мұқият тазалап алу керек.
Өте маңызды! Ешбір өткір не түрпілі
тазалағыш заттарды не құралдарды
пайдаланбаңыз! Бұл құрылғының бетін
бүлдіруі мүмкін.
Металл беттерді тазалау үшін
сатудағы тазалағыш заттарды
қолдануға болады.
1. Пеш есігін ашыңыз.
Пештің ішіндегі шам қосылады.
2. Пештің барлық жабдықтары мен
кіріктірмелі жолдарын алыңыз да,
тазалағыш сұйық қосылған жылы
сумен жуыңыз.
3. Пешті де тазалағыш зат қосылған
жылы сумен жуып, құрғатып сүртіңіз.
4. Пештің алдыңғы жағын дымқыл
шүберекпен сүртіңіз.
Құрылғы функцияларымен танысу
Құрылғыны сынақ режиміне қойып
барлық жұмыс кезеңдерін сынап көруге
не көрсетуге болады. Пеш қызбай тұр.
Құрылғыны сынақ режиміне қою
1.
Құрылғыны қосу/өшіру
түймешігін
басып өшіріңіз.
6 electrolux