User manual
Сақтандыру туралы ескерту!
Жеміргіш заттар не өткір құралдар
мен қырғыштарды пайдаланбаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Шыныны тазалау үшін қандай да бір
түрпілі, жылтыратқыш не өткір
металл қырғыштарды
пайдаланбаңыз, себебі заттың
бетіне түскен сызат шыныны
сындырып жіберуі мүмкін.
Пештің сырты
• Құрылғының алдыңғы жағын сабынды
жылы суға малынған жұмсақ
шүберекпен сүртіңіз.
• Металл беттерді тазалау үшін
сатудағы тазалағыш заттарды
қолдануға болады.
• Аса жеміргіш не түрпілі заттарды
пайдаланбаңыз.
Пештің іші
Пешті әрбір қолданғаннан кейін тазалап
отыру керек. Бұл кейін жануға келмейтін,
жинақталып қалған қоқысты тазалаудың
ең жеңіл жолы.
1. Пеш есігі ашылған кезде, пешті
жарықтандырғыш шам өздігінен
қосылады.
2. Әрбір қолданғаннан кейін пешті
тазалағыш зат қосылған сумен
тазалап, содан кейін құрғату керек.
Оңайшылықпен алынбайтын
қалдықтарды арнайы
тазалағыштармен алыңыз.
Өте маңызды! Пешке арналған спрей-
тазалағышты қолданған кезде оны
өндірушінің нұсқауларын мұқият
сақтаңыз.
Пештің төбесі өздігінен тазаланып
отыратын каталитті қаптамамен
қапталған
(кедір-бұдыр, тесікті бет)
Пеш төбесі кішкене ластықтарды 200°C
градустан жоғары температурада
күйдіріп жіберетін, өздігінен тазаланып
отыратын каталитті қаптамамен
қапталған.
Осы тазалағыш құрал дұрыс жұмыс
жасау үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тазалағыш заттарды, пешке
арналған бүріккіштерді не пештің
бетін сызып кетуі мүмкін темір жөкені
пайдаланбаңыз. Сабын немесе
басқа жуғыш заттарды қолданбаңыз.
Бұлар пештің өздігінен тазаланып
отыратын каталитті қабатын
бүлдіреді. Қандай да бір қалдық
қалып қойған жағдайда, оны
дымқыл, жұмсақ жөкемен сүртіп
алыңыз.
Өздігінен тазаланып отыратын
каталитті бет үшін пештің есігін тек
аз уақыт ғана ашып отырған
барынша тиімді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Матадан жасалған шүберекті
қолданбаңыз. Мамық түгі пештің
кедір-бұдыр бетіне жабысып
қалады.
Қосымша жабдықтар
Кіріктірмелі бөлшектерді (гриль,
кіріктірмелі жолдар т.б.) әрбір
пайдаланған сайын мұқият шайып
тазалап әрі құрғатып отырыңыз.
Жақсылап тазалау үшін біраз уақыт
сумен дымқылдап қойыңыз.
Кіріктірмелі жолдар
Пештің қабырғаларын тазалау үшін, оң
жақ пен сол жақта орналасқан
кіріктірмелі жолдарды алып қоюға
болады.
Кіріктірмелі жолдарды алу
Алдымен сырғытпа жолдың алдыңғы
жағын пеш қабырғасынан(1)шығарып
алыңыз да содан соң, артқы (2) жағын
ағытып алыңыз.
electrolux 31










