User manual
пайда болу үшін үздіксіз араластыра
отырып, баппен қуырыңыз Ет соусын
қызанақ езбесімен дәмдеп, шөп-шалам,
тұз бен бұрыш қосып, қақпағы жабылған
күйде бәсең қыздырылған пеште 30 мин
баппен қайнатыңыз.
Осы уақыт аралығында бечамель
соусын дайындаңыз. Соусты дайындау
үшін сарымайды ыдысқа салып ерітіп, ұн
қосып, үздіксіз араластыра отырып түсі
алтын қызыл түске айналғанша пісіріңіз.
Үздіксіз араластыра отырып, үстіне
жаймен сүт құйыңыз. Тұз, бұрыш, мускат
жаңғағын қосып соустың дәм-татымын
келтіріп, 10 мин. қақпақсыз ыдыс ішінде
бәсең отқа қайнатыңыз. Ыстыққа төзімді,
үлкен тік төртбұрышты ыдысты 1 ас
қасық сарымаймен майлаңыз.
Табаққа макарон қабатын, ет соусын,
бечамель соусын, араластырылған
сырды бірінен кейін бірін қабаттап
салыңыз. Ең соңғы қабат сыр
ұнтақтарымен көмкерілген бечамель
соусынан тұратын қабат болуы керек.
Қалған майды тағамның үстіне кішкене
кесектерге бөліп-бөліп таратып
салыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 10 ЛАЗАНЬЯ 2
Пісіру уақыты
50 мин.
ҚУЫРЫЛҒАН ШОШҚА ЕТІ
Қоспалар:
• Шошқаның мойын етін қуыру
• 2 ас қасық май
• Тұз, бұрыш, паприка
Тәсілі:
Етті жуыңыз да ас үй қағазымен
құрғатыңыз.
Дәмдеуіштерді майға араластырып осы
қоспаны етке біркелкі жағып шығыңыз.
Содан соң шошқа етін қызуға төзімді әрі
ішіне тор қабаты төселген ыдысқа
(арнайы жабдық) салыңыз.
Шамамен 40 минуттан соң қуырылып
жатқан тағамды аударыңыз.
Ең алғашқы дыбысты сигнал
берілгеннен кейін еттің қалай пісіріліп
жатқанын тексеріп көріңіз. Қажет болса,
екінші дыбысты сигнал берілуге дейін
қалған уақытты созыңыз (10 мин.).
Параметр Сөре қатары
P 11 ҚУЫРЫЛҒАН
ШОШҚА ЕТІ
2
Пісіру уақыты
90 мин.
ТАУЫҚ, 1200 г
Қоспалар:
• 1 тауық (1,000 - 1,200 г)
• 2 ас қасық май
• Тұз, бұрыш, паприка және карри
ұнтағы
Тәсілі:
Тауық етін жуыңыз да ас үй қағазымен
құрғатыңыз.
Дәмдеуіштерді майға араластырып осы
қоспаны тауықтың іші мен сыртына
біркелкі жағып шығыңыз.
Содан соң тауықтың төсін төмен қаратып
қызуға төзімді ыдысқа не ішіне тор
қабаты төселген шыны ыдысқа (арнайы
жабдық) салыңыз.
Шамамен 25 минуттан соң тауықты
аударыңыз.
Ең алғашқы дыбысты сигнал
берілгеннен кейін (шамамен 50 мин.)
еттің қалай пісіріліп жатқанын тексеріп
көріңіз. Қажет болса, оны екінші
дыбысты сигнал естілгенше қуыра
тұруыңызға болады(шамамен 60 мин).
Параметр Сөре қатары
P 12 ТАУЫҚ 2
Пісіру уақыты
55 мин.
Тазалау мен қызмет көрсету
Назарыңызда болсын! Тазалау үшін
құрылғыны электр желісінен
ажыратып, салқындату керек.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында пешті бу не жоғарғы
қысым құрылғыларымен тазалауға
болмайды.
30 electrolux










