User manual

ыдысқа салыңыз. Үккіштен өткізілген
сырдың біразын үстіне себіңіз. Қалған
картоптарды осының үстіне жаймалап
салыңыз да бетіне үккіштен өткізілген
сырдың қалғанын себіңіз.
Сарымсақтың талын езіңіз де жұмыртқа,
сүт пен қаймаққа қосып әбден
араластырыңыз. Қоспаға тұз қосып
содан соң оны картоптың үстіне
құйыңыз.
Гратиннің үстіне май түйірлерін
қойыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 7 КАРТОП
ГРАТИНІ
2
Пісіру уақыты
55 мин.
БАЛЫҚ ФИЛЕСІ
Қоспалар:
700 г алабұға не теңіз форелінің
текшелеп туралған филесі
100 г үккіштен өткізілген эменталь
сыры
200 мл қаймақ
50 г нан түйірлері
Тұз, бұрыш пен лимон шырыны
Ұсақталған петрушка
Ыдысты майлауға арналған 40 г
сарымай
Тәсілі:
Балық филесіне лимон шырынын бүркіп,
біраз уақыт қойып маринадтаңыз. Содан
соң ас үй майлығына артық шырынды
сіңіріп алыңыз.
Балық филесінің екі жағын да тұз және
бұрышпен дәмдеңіз. Содан соң
майланған сөреге қойыңыз.
Қаймақ пен үккіштен өткізілген сыр, нан
түйірлері мен ұсақталған петрушканы
біріктіріп араластырыңыз да балықтың
үстіне таратып жайыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 8 БАЛЫҚ
ФИЛЕСІ
2
Пісіру уақыты
25 мин.
БҰЗАУ БЕЛДЕМЕСІ
Қоспалар:
1000 г бұзау белдемесі
2 ас қасық май
Тұз, бұрыш, паприка
Тәсілі:
Бұзау белдемесін жуыңыз да ас үй
қағазымен құрғатыңыз.
Дәмдеуіштерді майға араластырып осы
қоспаны етке біркелкі жағып шығыңыз.
Содан соң бұзау белдемесін пеш
қызуына төзімді ыдысқа не ішіне тор
қойылған шыны ыдысқа (арнайы
жабдық) салыңыз да пешке қойыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 9 БҰЗАУ
БЕЛДЕМЕСІ
2
Пісіру уақыты
80 мин.
ЛАЗАНЬЯ
Ет соусы:
100 г май жолақтары бар бекон
1 пияз және 1 сәбіз
100 г сельдерей
2 ас қасық зәйтүн майы
400 г фарш (сиыр және шошқа еті
аралас)
1 кішкене қалбырдағы қызанақ,
ұсақталып туралған (шамамен 400 г)
орегано, тасшөп, тұз және бұрыш
3 ас қасық сарымай
250 г жасыл лазанья
50 г үккіштен өткізілген пармесан сыры
150 г үккіштен өткізілген эменталь
сыры
Бечамель соусы:
75 г сарымай
50 г ұн
500 мл сүт
Тұз, бұрыш, мускат жаңғағы
Өткір пышақпен беконның қабығын
сылып алып және шеміршектерін кесіп
алғаннан кейін кішкенелеп текшелеп
кесіңіз. Пияз бен сәбіздің қабығын
аршып, сельдерейді тазалап, бұл
көкөністердің барлығын кішкенелеп
текшелеп кесіңіз. Майды кастрюльге
салып ысытып, бекон мен кішкене етіп
текшеленіп туралған көкөністерді
үздіксіз араластыра отырып, баптап
қуырыңыз. Фаршты біртіндеп салып,
оның түйіршіктерін жазып ет сорпасы
electrolux 29