User manual

25 мин.
ПИЦЦА
1 сөре не 2 дөңгелек қалбырға арналған
Қоспаның құрамы:
300 г ұн, сорты 405
200 мл су
•14 г ашытқы
2 ас қасық май
•3 г тұз
Қоспа дайындаудың жолы:
Ашытқыны ұнтақтап кесеге салыңыз да
жылы сүтке ерітіңіз. Тұзды ұнға салып
араластырыңыз да, осы қоспа май
құйылған тегешке салыңыз. Барлық
қоспаларды кесеге жабыспайтындай
біртұтас қамыр массасы пайда болғанға
дейін илеңіз.
Содан соң бетін жабыңыз да қамыр екі
есеге дейін көтерілгенше қоя тұрыңыз.
Үстін әрлейтін қоспаның құрамы:
1 қалбыр қабығы сылынып ұсақталып
туралған қызанақ (таза салмағы 800
г ),
100 г жапырақталып, содан соң
текшеленіп туралған салями
350 - 400 г, 1 см текшеленіп туралған
фета не мозарелла сыры
Орегано не пицца дәмдеуіш шөп
Үстін әртүрлі әрлеу үшін кішкене
саңырауқұлақ пен ветчинаны
пайдалануға болады.
Дайындау:
Қызанақ шырынын сүзіп алыңыз. (Соус
ретінде пайдалануға болады).
Қамыр жайыңыз да майланған пісіру
сөресіне салыңыз. Қамырдың
шанышқымен жақсылап тесіңіз.
Қоспаларды бұл жайманың үстіне
көрсетілген рет бойынша салыңыз.
Фета не мозарелла сырын біртегіс
жайып салыңыз. Соңынан орегано
дәмдеуішін себіңіз.
Параметр Сөре қатары
P 5 ПИЦЦА 3
Пісіру уақыты
25 мин.
КИШ ЛОРЕН
Қоспаның құрамы:
250 г ұн, сорты 405
125 г сарымай
60 мл су
1 шай қасық тұз
Аздаған бұрыш пен мускат жаңғағы
Қоспа дайындаудың жолы:
Ұн, сарымай мен тұзды араластырыңыз
да су қосып қамыр илеңіз.
Қамырды 1 сағат тоңазытқышқа қойып
салқындатыңыз.
Үстін әрлейтін қоспаның құрамы:
100 мл сүт
150 мл қышқыл қаймақ
•2 жұмыртқа
150г үккіштен өткізілген грире не
эменталь сыры
150 г текшелеп туралған майсыз
ветчина
150 г текшелеп туралған пияз
Бұрыш, мускат жанғағы
Үстін толтыру тәсілі:
Бекон мен пиязды аздаған маймен
жоғарғы температурада қуырып алыңыз.
Сүт, қаймақ, жұмыртқа мен
дәмдеуіштердің барлығын қосып әбден
көпіршітіп араластырыңыз да содан соң
сырға қосып араластырыңыз.
Дайындау:
Қамыр жайыңыз да оны майланған
жалпақ қаңылтыр қалыпқа салыңыз (диа.
28см). Бекон мен пиязды бетіне тегістеп
жайыңыз да үстіне сұйық қоспаны
құйыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 6 КИШ ЛОРЕН 3
Пісіру уақыты
40 мин.
КАРТОП ГРАТИНІ
Қоспалар:
1,000 г картоп
1 шай қасық тұз және сонша бұрыш
1 аршылған сарымсақ түйірі
300г үккіштен өткізілген грире не
эменталь сыры
•3 жұмыртқа
250 мл сүт
4 ас қасық қаймақ
1 ас қасық тасшөп
3 ас қасық сарымай
Тәсілі:
Картоптың қабығын аршыңыз да
жұқалап турап, кептіргеннен кейін дәм-
татымын келтіріңіз.
Жапырақталып туралған картоптың
жартысын қызуға төзімді майланған
28 electrolux