User manual
• 200 г ұн
• 1 шай қасық ұн қопсытқыш
• 100 г қант
• 75 г сарымай
•2 жұмыртқа
•1 шөкім тұз
• Майлауға арналған маргарин
Қоспа дайындаудың жолы:
Сарымай мен қантты жақсылап
араластырыңыз. Жұмыртқаны қосыңыз
да жақсылап араластырыңыз.
Екшелген ұн мен қопсытқыш ұнтақты
сарымай/қант қоспасына қосыңыз да
содан соң қамыр илеңіз.
Қамырды тоңазытқыштың ішіне салып
шамамен 1 сағат қоя тұрыңыз. Содан соң
оқтаумен жазыңыз да майланған пісіру
сөресіне қойыңыз.
Үстін әрлейтін қоспаның құрамы:
• 500 г кварк
• 80 мл күнбағыс майы
• 100 г кілегей
• 125 мл сүт
•2 жұмыртқа
• 140 г құмшекер
• 1/2 горчица ұнтағы
• 1 қалбыр мандарин (1,000г)
• 1 пакет флан глазурі
Үстін толтыру тәсілі:
Қоспаларды шыныаяққа салып
барлығын біркелкі араластырыңыз.
Содан соң жазылған қамырдың үстіне
жайып салыңыз. Мандаринді кварк
қоспасының үстіне жаймалап салыңыз.
Пісіріп болып флан суығаннан кейін
флан глазурін үстіне жаймалаңыз.
Параметр Сөре қатары
P 2 КВАРК
ІРІМШІГІ
ҚОСЫЛҒАН
МАНДАРИН
ТОРТЫ
3
Пісіру уақыты
55 мин.
АҚ НАН 600 -800 Г
Қоспалар:
• 500 г ұн
• 1/2 текше жаңа ашытқы не 1 пакет
құрғақ ашытқы
• 330 мл сүт
• 10 г тұз
Тәсілі:
Ұн мен тұзды үлкен тегешке салыңыз.
Ашытқыны жылы сүтке ерітіңіз де ұнға
құйыңыз. Барлық қоспаларды
араластырып қамыр илеңіз.
Ұнның түріне қарай сүт көп қажет етілуі
мүмкін.
Қамырды өз көлемінен екі есе
көтерілгенше қоя тұрыңыз.
Қамырдан екі бөлке жасаңыз да, оларды
пештің майланған пісіру сөресіне не
патиссер сөресіне (арнайы жабдық)
қойыңыз. Бөлкелерді өз көлемдерінен
жарты есе үлкейгенше қоя тұрыңыз.
Пісірмес бұрын олардың үстіне ұн себіңіз
де өткір пышақпен кем дегенде 1 см
терең 3 диагональ жолақ салыңыз.
Параметр Сөре қатары
P 3 АҚ НАН 2
Пісіру уақыты
55 мин.
БУЛОЧКА, ӘРБІРІ 40 Г (12-16)
Қоспалар:
• 500 г ұн, сорты 405
• 20 г жас ашытқы текшесі не 1 пакет
құрғақ ашытқы
• 300 мл су
• 10 г тұз
Тәсілі:
Ұн мен тұзды үлкен тегешке салыңыз.
Ашытқыны суға ерітіңіз де ұнға құйыңыз.
Барлық қоспаларды араластырып қамыр
илеңіз.
Қамырды өз көлемінен екі есе
көтерілгенше қоя тұрыңыз.
Қамырды бөліктерге бөліңіз де булочка
жасап пештің майланған пісіру сөресіне
не патиссер сөресіне (арнайы жабдық)
қойыңыз. Булочкаларды да қайта
көтерілгенінше 25 минут қоя тұрыңыз.
Пісірмес бұрын олардың үстін айқыштап
тіліңіз. Қажет болса, үстіне мак, зере не
сезам дәндерін себіңіз.
Параметр Сөре қатары
P 4 БУЛОЧКА,
ӘРБІРІ 40 г
3
Пісіру уақыты
electrolux 27










