User manual
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
Пісіру
Пеш функциясы: Дөңгелек қыздырғыш
элементі бар желдеткішті пеш
Пісіруге арналған қаңылтыр ыдыстар
• Дөңгелек қыздырғыш элементтері бар
желдеткішпен
пісіру үшін жылтыр
қаңылтыр ыдыстар жарайды.
Пеш қатарлары
• Дөңгелек қыздырғыш элементі бар
желдеткішпен
пісіргенде бір
мезгілде 2 пісіру сөресін қатар
пайдалануға болады:
1 пісіру сөресі:
мысалы, пештің 2-ші қатары
1 қаңылтыр қалып:
мысалы, пештің 1-ші қатары
2 пісіру сөресі:
мысалы, пештің 2-ші және 4-ші
қатарлары
Жалпылама нұсқаулар
Дөңгелек қыздырғыш элементі бар
желдеткіш функциямен
екі торт
қалыбын бірінен кейін бірін пештің бір
қатарына қоя отырып пісіруіңізге де
2
2
1
1
44
2
2
болады. Бұл пісіру уақытын сәл ғана
арттырады.
Мұздатылған тағамды пісіру
барысында сөрелер
деформацияланып қалуы мүмкін.
Бұл мұздатылған тағам мен пеш
температурасының арасындағы
айырмашылықтың аса үлкендігіне
байланысты. Сөрелер суығаннан
кейін олардың деформациясы да
жойылады.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
Төмендегі кестелер тағам үшін қажетті
температура мен пісіру уақыттарын,
пештің қатарларын таңдау туралы
ақпарат береді.
• Температура және пісіру уақыты тек
жалпылама ұсыныс ретінде ғана
берілген, себебі бұл параметрлер
қоспаның қоюлығына, көлеміне,
қалыптардың саны мен түріне
байланысты.
• Тағамды ең төменгі температураға
қойып пісіре бастап, содан соң оны
қызарта түсу қажет болса не оның
пісіру уақыты ұзақ болса ғана
температураның жоғарғы шамасын
таңдауды ұсынамыз.
• Өз рецептіңіз бойынша пісіруге сай
келер параметрлерді таппасаңыз,
соған неғұрлым ұқсас келетін
параметрді іздеңіз.
• Торттарды бірнеше қатарға қойылған
пісіру табалары не қаңылтырларға
салып пісіріп жатсаңыз, пісіру уақытын
10-15 минутқа созыңыз.
• Ылғалды кондитер өнімдері (пицца,
жеміс фланы т.б.) пештің бір
қатарында пісіріледі.
• Пештің ішіне қойылған заттардың
биіктігі, пісіру жұмысы басталған кезде
олардың әртүрлі деңгейде қызаруына
себеп болуы мүмкін. Бұндай жағдай
орын алса температураны
өзгертпеңіз. Пісіру үрдісі жеделдей
бастағанда бұл тағамдар біркелкі
қызара бастайды.
electrolux 17










