User manual
Тор айналасындағы көтеріңкі
шығырық - ыдыс сырғып кетпес үшін
қосымша көмек беретін құрал болып
табылады.
Қосымша функциялары
Пісіру/қуыру бағдарламалары
Бұл функция үшін алдын ала
орнатылған рецептілерді
пайдаланыңыз.
Бағдарламаны таңдау
1.
Пешті On/Off түймешігін басып
қосыңыз. Пісіру/қуыру
бағдарламаларының түймешігін
бейнебетте қажетті бағдарлама
пайда болғанша (P 1 - P12) қайта-
қайта басыңыз.
– Функция көрсетілетін бейнебетте
пеш функциясына сай келетін
белгіше пайда болады.
– Уақыт көрсетілетін бейнебетте
пісіру уақыты пайда болады да,
пісіру уақытының
белгішесі
жанады.
– Пісіру уақытын өзгерту үшін сағат
функциясының түймешігін, содан
соң , содан кейін не
түймешігін басыңыз.
– Шамамен 5 секунд өткен соң пеш
өздігінен қосылады.
2. Уақыт өткен соң дыбысты сигнал 2
минут бойы естіліп тұрады. Пісіру
уақытының белгішесі
жыпылықтайды.
Пеш автоматты түрде өшіп қалады.
3. Дыбысты сигналды кез келген
түймешікті басып өшіруге болады.
Кешіктіріп бастау
Тағам пісіретін уақытты кешіктіріп
бастауға болады (Сағат функциясының
пісіруді аяқтау
тарауын қараңыз).
Пісіруді уақытынан бұрын аяқтау
Пешті On/Off
түймешігін басып
өшіріңіз.
Жады функциясы
Жады функциясын өте жиі
пайдаланылатын бір параметрді сақтау
үшін қолдануыңызға болады.
1. Пеш функциясын, температурасын,
қажет болса сағат функциясының
пісіру уақытын
және/не пісіруді
аяқтау уақытын орнатыңыз.
2. Жады функциясының түймешігін
сигнал естілгенше 2 секундтай
басып ұстап тұрыңыз. Параметр
сақталды.
Басқа параметрді сақтау үшін жады
функциясының түймешігін
қайтадан шамамен 2 секунд
басыңыз. Алдыңғы сақталған
параметрдің орнына жаңа параметр
сақталады.
electrolux 11










