User manual

2. Шыны қалпақты жіңішке, ұшы доғал
затпен (мысалы, шай қасық) алыңыз
да, содан кейін тазалаңыз.
3. Қажет болса: Шамның орнына 300°C
қызуға төзімді пеш шамын салыңыз.
Пеш шамындай шамды қолданыңыз.
4. Шыны қақпақты орнатыңыз.
5. Сөренің сол жақ сырғытпа жолын
салыңыз.
Пештің есігі мен шыны панельдері
Пештің есігін тазалау үшін оны шешіп
алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Пештің есігін ағытып алу
1. Пештің есігін барынша кең ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша жоғары
көтеріңіз.
A
A
3. Пештің есігін оның бастапқы
қалпына дейін жабыңыз (шамамен
45°).
45°
4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра
ұстап тұрып, жоғары көтеріп тартып
шығарыңыз.
Есіктің бетіне сызат түспес үшін
оның сыртқы бетін жұмсақ әрі тегіс
жерге қаратып қойыңыз.
5. Енді ішкі шыны панельдерін алып
тазалауыңызға болады.
Есікті орнату үшін осы әрекеттерді
кері ретпен жасаңыз.
Пештің есігінде 2, 3 немесе 4 (үлгі
түріне байланысты) шыны панель
бар.
Есіктің шыны панельдерін алу және
тазалау
1. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз.
2
B
1
2. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
electrolux 29