User manual

КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ет сүңгісі
Ет сүңгісі тағамның ішкі
температурасын өлшейді. Ет
орнатылған температураға жеткен
кезде пеш автоматты түрде өшеді.
Өте маңызды! Тек фирмалық
бөлшектерді ғана қолданыңыз. Бұл
пісіру нәтижесінің тамаша болуын
қамтамасыз етеді.
Назарыңызда болсын! Ет сүңгісі
ыстық! Күйіп қалу қаупі бар! Ұштығы
мен ашасын алған кезде абай
болыңыз.
Қолдану үшін мына параметрлерді
орнату керек:
• Құрылғының ішіндегі температура.
• Тағамның ішкі температурасы
Ет сүңгісін қолдану:
1. Ет сүңгісінің ұшын еттің орта тұсына
салыңыз.
2. Құрылғыны іске қосыңыз.
3. Ет сүңгісінің ашасын розеткаға
(құрылғының жалпы көрінісін
қараңыз) сұғыңыз.
4. Температураны орнату үшін
көрсеткіні 5 секундтан аз
қолданыңыз. Сүңгінің
температурасы 30°C градустан
басталады.
5. Пештің функциясын және, қажет
болса, пеш температурасын
орнатыңыз.
Құрылғы болжамды аяқталу уақытын
есептейді. Аяқталу уақыты тағамның
мөлшеріне, орнатылған пеш
температурасына (кем дегенде
120°C) және жұмыс режимдеріне
қарай әртүрлі болады. Құрылғы
аяқталу уақытын 30 минут
аралығында көрсетеді. Ішкі
температура 30°C градустан
басталып көрсетіледі.
Тағам пісіру барысында ет сүңгісі
етке шаншулі, ал ет сүңгісінің
ашасы розеткаға сұғулы тұруға тиіс.
6. Еттің температурасы орнатылған
ішкі температураға жеткен кезде
дыбысты сигнал беріледі. Құрылғы
автоматты түрде сөнеді.
Сигналды тоқтату үшін кез-келген
түймешікті басыңыз.
7. Ет сүңгісінің ашасын розеткадан
суырып, етті пештен алыңыз.
Ішкі температураны өзгерту үшін
түймешігін, ет сүңгісінің
температурасы пайда болғанша
қайта-қайта басыңыз.
Температураны өзгерту үшін
көрсеткіні қолданыңыз да, OK
түймешігін басып құптаңыз.
Пештің керек-жарақтарын орнату
Пештің алынбалы керек-жарақтарының
қос қырлы жиегін пештің артына
келтіріп, төмен қаратып салыңыз.
Алынбалы жабдықты пеш
қатарларының біріндегі бағыттағыш
жолға кіргізіңіз.
Қуыруға арналған терең таба мен
пеш сөресінің екі қырлы жиегі бар.
Осы қырлар мен бағыттағыш
жолдардың пішімі пештің керек-
жарақтарын орындарынан
аударылып кетуден сақтайды.
12 electrolux










