User manual
Құрылғы ақаулығының алдын алудың
жолдары
• Пешті алюминий фольгасымен
орамаңыз және пісіру сөрелерін,
шыныаяқтарды т.б. пештің табанына
қоймаңыз, себебі жинақталған жылу
пеш эмаліне зиян келтіреді.
• Пісіру сөрелерінен тамшылаған жеміс
шырынының тамшылары кетпейтін
дақтар қалдырады. Аса сұйық
қоспадан құйылатын торттар үшін
шұңғыл сөрелерді қолданыңыз.
• Пештің есігі ашық тұрған кезде оған
ешбір салмақ салмаңыз.
• Ыстық күйде тұрған пештің ішіне суды
тура кұймаңыз. Бұл эмальдың түрін
өзгертіп ғана қоймайды, сонымен
қатар оған зиянды әсер етуі мүмкін.
• Ұқыпты қолданбау, әсіресе пештің
алдыңғы панелінің жиегін дұрыс
ұстамау шынының сынып кетуіне алып
келуі мүмкін.
• Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш затты
сақтамаңыз. Бұл пешті қосқан кезде
тұтануы мүмкін.
• Пештің ішіне ешқандай ылғал бөліп
шығаратын тамақты салып
сақтамаңыз. Бұл құрылғының эмаль
бетін бүлдіруі мүмкін.
• Желдеткішті өшіргеннен кейін беті
жабылмаған тамақты пеш ішінде
қалдырмаңыз. Пештің іші немесе оның
шыны есігі буланып, сонымен қатар
пеш жабдықтары да ылғалдануы
мүмкін.
Ескерім: Эмаль қабаты
Пайдалану нәтижесінде пештің
эмаль қабаты түсінің өзгеруі, оның
қалыпты және дұрыс пайдалануға
шек қоймайды. Сондықтан да, бұл
кепілдік шартына сай жөнделуге тиіс
ешбір ақаулықты тудырмайды.
electrolux 3










